Бұйрық
Негізгі ақпарат
Карточка
Құрылым
Тарих

Бақылау және қадағалау органдары өз құзыреті шегінде құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласында статистикалық қызметті жүзеге асыратын уәкілетті органға жолдайтын хабарлардың есебін жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2016 жылғы 27 қаңтардағы № 15 бұйрығының және "Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2017 жылғы 26 қыркүйектегі № 108 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесінің 13-тармағының күші жойылды деп тану туралы

      "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 50-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Күші жойылды деп танылсын:

      1) "Бақылау және қадағалау органдары өз құзыреті шегінде құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласында статистикалық қызметті жүзеге асыратын уәкілетті органға жолдайтын хабарлардың есебін жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2016 жылғы 27 қаңтардағы № 15 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде № 13198 болып тіркелген, 2016 жылғы 29 ақпанда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған);

      2) "Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2017 жылғы 26 қыркүйектегі № 108 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесінің 13-тармағы (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15888 болып тіркелген, 2017 жылғы 20 қазанда нормативтік құқықтық актілердің Эталондық бақылау банкінде жарияланған).

      2. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті (бұдан әрі – Комитет) заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуiн;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми түрде жариялау және оған енгізу үшін жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының интернет-ресурсында орналастыруды;

      4) осы бұйрықты мәлімет үшiн мүдделі құқықтық статистика және арнайы есепке алу субъектiлерiне, сондай-ақ Комитеттiң аумақтық органдарына жіберуді қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Комитет Төрағасына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.

  • Қоғамдық оферта
  • Құпиялылық саясаты
  • Құқықтық база
  • Жаңалықтар
  • Чат

Бізбен байланысыңыз

+7 701 948 15 57

Сату бөлімі

info@nuba.kz

Электронды пошта

BIZUP © 2026 “NUBA SOLUTIONS” Қолданба және оның барлық элементтері, соның ішінде бағдарламалық код, дизайн және мазмұн, Қазақстан Республикасының авторлық құқық туралы заңнамасымен қорғалған. Заңсыз көшіру, тарату немесе пайдалану тыйым салынған.