Ескерту. Күші жойылды - ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары - ҚР Қаржы министрінің 07.04.2020 № 362 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).
БҰЙЫРАМЫН:
1. "Мемлекеттік мүлікті есепке алу саласында мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 285 бұйрығына (Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11154 болып тіркелген, 2015 жылы 18 маусымда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Мемлекеттік мүлік тізілімінен ақпарат беру (мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің, сондай-ақ мемлекеттік заңды тұлғалардың тізбесі; мемлекеттік меншік объектілерін сауда-саттыққа қою кестесіне енгізілген мемлекеттік мүлік туралы ақпарат пен материалдар)" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында:
көрсетілген стандартқа 3-қосымшасында:
"Мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің, сондай-ақ мемлекеттік заңды тұлғалардың тізбесін алуға арналған нысан" 1-нысанында:
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"5. "Аумақ" өлшемі бойынша іздеу үшін анықтамалықтан сұрау шарты таңдалады:
Кіреді;
Кірмейді.
және "Берілмеген" жиегінде бір немесе бірнеше қажетті мәндерді таңдаймыз:
Қазақстан:
Ақмола облысы;
Ақтөбе облысы;
Алматы облысы;
Алматы қаласы;
Нұр-Сұлтан қаласы;
Шымкент қаласы;
Атырау облысы;
Шығыс Қазақстан облысы;
Жамбыл облысы;
Батыс Қазақстан облысы;
Қарағанды облысы;
Қостанай облысы;
Қызылорда облысы;
Маңғыстау облысы;
Павлодар облысы;
Солтүстік Қазақстан облысы;
Түркістан облысы.".
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
"КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасы Цифрлық даму,
инновациялар және аэроғарыш
өнеркәсібі министрлігі