Бұйрық
Негізгі ақпарат
Карточка
Құрылым
Тарих

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының аппараты) Басшысының "Сот отырысына қатысуды қамтамасыз ететін техникалық байланыс құралдарын қолдану қағидаларын және оларға қойылатын талаптарды бекіту туралы" 2019 жылғы 15 қазандағы № 7 бұйрығына толықтыру енгізу туралы

      Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 3 қарашадағы № 1093 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының аппараты) туралы ереженің 6-тармағына сәйкес:

      1. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының аппараты) Басшысының "Сот отырысына қатысуды қамтамасыз ететін техникалық байланыс құралдарын қолдану қағидаларын және оларға қойылатын талаптарды бекіту туралы"2019 жылғы 15 қазандағы № 7 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2019 жылғы 21 қазанда № 19499 тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2019 жылғы 23 қазанда жарияланған)келесі толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Сот отырысына қатысуды қамтамасыз ететін техникалық байланыс құралдарын қолдану қағидаларын және оларға қойылатын талаптар:

      мынадай мазмұндағы 28-1 тармақпен толықтырылсын:

      "28-1. Техникалық байланыс құралдарын пайдалана отырып өткізілетін сот отырысындағы тәртіп туралы Қазақстан Республикасы Азаматтық процестік кодексінің 187-бабының ережелері төрағалық етушінің өкімдеріне сәйкес нақты сот отырысын өткізудің техникалық шарттары ескеріле отырып қолданылады.".

      2. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты аппаратының) жергілікті соттардың жұмысын үйлестіру бөлімімен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының ресми интернет-ресурсында орналастыру қамтамасыз етілсін.

      3.Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының аппараты) басшысының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Жоғарғы Сотының жанындағы
Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің
(Қазақстан Республикасы
Жоғарғы Соты аппаратының) басшысы
Н. АХМЕТЗАКИРОВ
  • Қоғамдық оферта
  • Құпиялылық саясаты
  • Құқықтық база
  • Жаңалықтар
  • Чат

Бізбен байланысыңыз

+7 701 948 15 57

Сату бөлімі

info@nuba.kz

Электронды пошта

BIZUP © 2026 “NUBA SOLUTIONS” Қолданба және оның барлық элементтері, соның ішінде бағдарламалық код, дизайн және мазмұн, Қазақстан Республикасының авторлық құқық туралы заңнамасымен қорғалған. Заңсыз көшіру, тарату немесе пайдалану тыйым салынған.