Бұйрық
Негізгі ақпарат
Карточка
Құрылым
Тарих

«Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскесін уақытша өтеулі жер пайдаланудың (жалға алудың) үлгі шартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2019 жылғы 30 қаңтардағы № 41 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

      БҰЙЫРAМЫН:       1. «Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскесін уақытша өтеулі жер пайдаланудың (жалға алудың) үлгі шартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасы Aуыл шаруашылығы министрінің 2019 жылғы 30 қаңтардағы № 41 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18267 болып тіркелген, 2019 жылғы 15 ақпанда Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:       көрсетілген бұйрықпен бекітілген Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскесін уақытша өтеулі жер пайдаланудың (жалға алудың) үлгі шартында:       кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:      «________ қаласы (кенті, ауылы) 20____ жылғы «__» ________№ ____ Біз, төменде қол қойғандар, бұдан әрі «Жалға беруші» деп аталатын      ____________________________________________________________ атынан (жер қатынастары жөніндегі уәкілетті орган)      ____________________________________________________________________   (тұлғаның өкілдігін белгілейтін құжаттың ережесі, атауы және деректемелері)      негізінде әрекет ететін_______________________________________________ (басшының немесе уәкілетті        ____________________________________________________________________   тұлғаның аты,әкесінің аты (бар болса), тегі)      бір тараптан және бұдан әрі «Жалға алушы» деп аталатын ___________________ ____________________________________________________________________       (Қазақстан Республикасының мемлекеттік емес заңды тұлғалары үшін - ____________________________________________________________________      атауы, Қазақстан Республикасының азаматтары немесе қандастар үшін -   ____________________________________________________________________        аты, әкесінің аты (бар болса), тегі) атынан ______________________________________________________________        (тұлғаның өкілдігін белгілейтін құжаттың _________________________________________________ негізінде әрекет ететін        ережесі, атауы және деректемелері)   ____________________________________________________________________        (мемлекеттік емес заңды тұлғалар үшін - басшының немесе   ____________________________________________________________________        уәкілетті тұлғаның аты, әкесінің аты (бар болса), тегі) екінші тараптан төмендегілер туралы осы Шартты жасастық:»;       5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:       «5. Жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлемақы Қазақстан Республикасының салық және жер заңнамаларына сәйкес айқындалады және Жалға алушы төлемдерді Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген мерзімдерде және одан әрі жыл сайын Қазақстан Республикасының салық және жер заңнамаларына сәйкес мемлекеттік кірістер органдарына      _______________________________________________,   (атауы көрсетілсін)      бизнес-сәйкестендіру нөмірі __________________, жеке сәйкестендіру коды ________________, бюджеттік сәйкестендіру коды _________________, төлемді        тағайындау коды _____________, бенефициар коды _______________,   бенефициар-банктың коды _______________, банктің сәйкестендіру коды      _______________ аудару жолымен төлеуі тиіс.». 2. Қазақстан Республикасы Aуыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:       1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;       2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Aуыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.       3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Aуыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.       4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының
Aуыл шаруашылығы министрі        С. Омаров
  • Қоғамдық оферта
  • Құпиялылық саясаты
  • Құқықтық база
  • Жаңалықтар
  • Чат

Бізбен байланысыңыз

+7 701 948 15 57

Сату бөлімі

info@nuba.kz

Электронды пошта

BIZUP © 2026 “NUBA SOLUTIONS” Қолданба және оның барлық элементтері, соның ішінде бағдарламалық код, дизайн және мазмұн, Қазақстан Республикасының авторлық құқық туралы заңнамасымен қорғалған. Заңсыз көшіру, тарату немесе пайдалану тыйым салынған.