Бұйрық
Негізгі ақпарат
Карточка
Құрылым
Тарих

"Қазақстан Республикасының тіл туралы заңнамасын қолдану саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары және тексеру парағын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 20 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 9 ақпандағы № 65 бірлескен бұйрығының және "Қазақстан Республикасының тіл туралы заңнамаларын қолдану саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары және тексеру парағын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 20 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 9 ақпандағы № 65 бірлескен бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2018 жылғы 1 қарашадағы № 314 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2018 жылғы 1 қарашадағы № 53 бірлескен бұйрықтарының күші жойылды деп тану туралы

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрық 01.01.2023 ж. бастап қолданысқа енгізіледі.

      "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабының 1- тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:

      1. Мыналар:

      1) "Қазақстан Республикасының тіл туралы заңнамасын қолдану саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары және тексеру парағын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 20 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 9 ақпандағы № 65 бірлескен бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13565 болып тіркелген);

      2) "Қазақстан Республикасының тіл туралы заңнамаларын қолдану саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары және тексеру парағын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 20 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 9 ақпандағы № 65 бірлескен бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2018 жылғы 1 қарашадағы № 314 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2018 жылғы 1 қарашадағы № 53 бірлескен бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17680 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті:

      1) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бірлескен бұйрық 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрі
__________А. Куантыров
      Қзақстан Республикасы
Ғылым және жоғары білім
министрдің міндетін атқарушы
__________Т. Ешенкулов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Бас прокуратурасы Құқықтық

      статистика және арнайы есепке

      алу жөніндегі комитеті