Бұйрық
Негізгі ақпарат
Карточка
Құрылым
Тарих

"Темір жол көлігімен тасымалдау кезінде әскерилендірілген күзетпен алып жүруге жататын жүктердің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2005 жылғы 10 қарашадағы № 344-I бұйрығына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. Темір жол көлігімен тасымалдау кезінде әскерилендірілген күзетпен алып жүруге жататын жүктердің тізбесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2005 жылғы 10 қарашадағы № 344-I бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3931 болып тіркелген) мынадай өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Темір жол көлігімен тасымалдау кезінде әскерилендірілген күзетпен алып жүруге жататын жүктердің тізбесінде:

      реттік нөмірі 28-жол алып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 30-1-жолмен толықтырылсын:

      "

30-1.

Біріктірілмеген күйдірілген пириттен басқа, темір және кендер концентраттары

26011100

Темір кенінің шекемтастары

      ";

      мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 34-1 және 34-2-жолдармен толықтырылсын:

      "

34-1.

Сутегі хлориді (тұз қышқылы)

28061000

Барлық атаулар

34-2.

Күкірт қышқылы

28070000

Барлық атаулар

      ".

      2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Көлік комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Индустрия және инфрақұрылымдық
даму министрі
К. Ускенбаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ішкі істер министрлігі

  • Қоғамдық оферта
  • Құпиялылық саясаты
  • Құқықтық база
  • Жаңалықтар
  • Чат

Бізбен байланысыңыз

+7 701 948 15 57

Сату бөлімі

info@nuba.kz

Электронды пошта

BIZUP © 2026 “NUBA SOLUTIONS” Қолданба және оның барлық элементтері, соның ішінде бағдарламалық код, дизайн және мазмұн, Қазақстан Республикасының авторлық құқық туралы заңнамасымен қорғалған. Заңсыз көшіру, тарату немесе пайдалану тыйым салынған.