Бұйрық
Негізгі ақпарат
Карточка
Құрылым
Тарих

"Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясында қашықтан оқыту жөніндегі оқу процесін ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2021 жылғы 12 шілдедегі № 101 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясында қашықтан оқыту жөніндегі оқу процесін ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2021 жылғы 12 шілдедегі № 101 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 23513 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Прокуратура туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 9-бабының 23) тармақшасына және "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-1-бабының 4-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:".

      2. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясы (бұдан әрі – Академия):

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықтың көшірмесін Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының ресми интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Академияның ректорына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Бас Прокуроры
Б. Асылов
  • Қоғамдық оферта
  • Құпиялылық саясаты
  • Құқықтық база
  • Жаңалықтар
  • Чат

Бізбен байланысыңыз

+7 701 948 15 57

Сату бөлімі

info@nuba.kz

Электронды пошта

BIZUP © 2026 “NUBA SOLUTIONS” Қолданба және оның барлық элементтері, соның ішінде бағдарламалық код, дизайн және мазмұн, Қазақстан Республикасының авторлық құқық туралы заңнамасымен қорғалған. Заңсыз көшіру, тарату немесе пайдалану тыйым салынған.