Бұйрық
Негізгі ақпарат
Карточка
Құрылым
Тарих

"Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі құрған республикалық мемлекеттік кәсіпорындарды қоспағанда, республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың таза кірісінің бір бөлігін аудару нормативін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 25 ақпандағы № 134 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі құрған республикалық мемлекеттік кәсіпорындарды қоспағанда, республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың таза кірісінің бір бөлігін аудару нормативін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 25 ақпандағы № 134 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10545 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі құрған республикалық мемлекеттік кәсіпорындарды қоспағанда, республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың таза кірісінің бір бөлігін аудару нормативінде:

      5-тармақ мынадай редацияда жазылсын:

      "5. Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі Азаматтық авиация комитетінің "Қазаэронавигация" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны үшін таза кірістің бір бөлігін аудару нормативі 2021-2022 жылдардың қорытындысы бойынша 1 пайыз мөлшерінде және 2023 жылдың қорытындысы бойынша 50 пайыз мөлшерінде белгіленсін.".

      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Мемлекеттік активтерді басқару саясаты департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрі
А. Куантыров

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Көлік министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрлігі

  • Қоғамдық оферта
  • Құпиялылық саясаты
  • Құқықтық база
  • Жаңалықтар
  • Чат

Бізбен байланысыңыз

+7 701 948 15 57

Сату бөлімі

info@nuba.kz

Электронды пошта

BIZUP © 2026 “NUBA SOLUTIONS” Қолданба және оның барлық элементтері, соның ішінде бағдарламалық код, дизайн және мазмұн, Қазақстан Республикасының авторлық құқық туралы заңнамасымен қорғалған. Заңсыз көшіру, тарату немесе пайдалану тыйым салынған.