Бұйрық
Негізгі ақпарат
Карточка
Құрылым
Тарих

"Арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар мәселелері бойынша үлгілік шарттардың, өтініш пен сауалнамалардың нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 19 шілдедегі № 522 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар мәселелері бойынша үлгілік шарттардың, өтініш пен сауалнамалардың нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 19 шілдедегі № 522 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19067 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      5-қосымшаның 14-тармағының 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "14. Басқарушы компания:

      1) АЭА қатысушыларының қызметті жүзеге асыруы туралы шарттар талаптарының орындалуына, оның ішінде қызметтің басым түрлеріне сәйкестігіне тұрақты негізде мониторингті жүзеге асыруға міндетті.

      Бұзушылық анықталған кезде 3 жұмыс күні ішінде бұл туралы бюджетке салықтар мен төлемдер түсімдерін қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті органға хабарлауы қажет;".

      2. Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Өнеркәсіптік инфрақұрылымды және елішілік құндылықты дамыту департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Өнеркәсіп және құрылыс министрінің
міндетін атқарушы
И. Оспанов

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрлігі


      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрлігі

  • Қоғамдық оферта
  • Құпиялылық саясаты
  • Құқықтық база
  • Жаңалықтар
  • Чат

Бізбен байланысыңыз

+7 701 948 15 57

Сату бөлімі

info@nuba.kz

Электронды пошта

BIZUP © 2026 “NUBA SOLUTIONS” Қолданба және оның барлық элементтері, соның ішінде бағдарламалық код, дизайн және мазмұн, Қазақстан Республикасының авторлық құқық туралы заңнамасымен қорғалған. Заңсыз көшіру, тарату немесе пайдалану тыйым салынған.