Бұйрық
Негізгі ақпарат
Карточка
Құрылым
Тарих

"Қаржы мониторингі субъектілерінің қаржы мониторингіне жататын операциялар туралы мәліметтер мен ақпаратты беру қағидаларын және күдікті операцияны айқындау белгілерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігі Төрағасының 2022 жылғы 22 ақпандағы № 13 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

      ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. "Қаржы мониторингі субъектілерінің қаржы мониторингіне жататын операциялар туралы мәліметтер мен ақпаратты беру қағидаларын және күдікті операцияны айқындау белгілерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігі Төрағасының 2022 жылғы 22 ақпандағы № 13 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26924 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:

      Қаржы мониторингі субъектілерінің қаржы мониторингіне жататын операциялар туралы мәліметтер мен ақпаратты беру қағидаларында:

      Күдікті операцияны айқындау белгілерінде:

      жол:

      "

133

1162

Заңсыз қызметпен (терроризмді қаржыландыру, адам саудасы, қару-жарақ пен оқ-дәрілерді заңсыз сату) байланысы бар цифрлық активтердің мекенжайларымен операциялардың жасалуы

      ";

      мынадай редакцияда жазылсын:

      "

133

1162

Заңсыз қызметпен (терроризмді қаржыландыру, адам саудасы, қару-жарақ пен оқ-дәрілерді заңсыз сату, есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымы) байланысы бар цифрлық активтердің мекенжайларымен операциялардың жасалуы

      ".

      2. Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг Агенттігінің Терроризмді, есірткі бизнесін және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыру саласындағы қаржылық мониторинг департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуді;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Агенттіктің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Агенттік Төрағасының Бірінші орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы
Ж. Элиманов
  • Қоғамдық оферта
  • Құпиялылық саясаты
  • Құқықтық база
  • Жаңалықтар
  • Чат

Бізбен байланысыңыз

+7 701 948 15 57

Сату бөлімі

info@nuba.kz

Электронды пошта

BIZUP © 2026 “NUBA SOLUTIONS” Қолданба және оның барлық элементтері, соның ішінде бағдарламалық код, дизайн және мазмұн, Қазақстан Республикасының авторлық құқық туралы заңнамасымен қорғалған. Заңсыз көшіру, тарату немесе пайдалану тыйым салынған.