Бұйрық
Негізгі ақпарат
Карточка
Құрылым
Тарих

"Өтініш-декларациясын тіркеу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрінің 2008 жылғы 29 қазандағы № 429 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Индустрия және жаңа технологиялар министрінің 2010 жылғы 19 шілдедегі № 170 және "Өтiнiш-декларацияны тiркеу ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрінің 2008 жылғы 29 қазандағы № 429 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрінің 2013 жылғы 26 ақпандағы № 48 бұйрықтарының күші жойылды деп тану туралы

      "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабының 9-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Мыналардың:

      1) "Өтініш-декларациясын тіркеу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрінің 2008 жылғы 29 қазандағы № 429 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Индустрия және жаңа технологиялар министрінің 2010 жылғы 19 шілдедегі № 170 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6397 болып тіркелген);

      2) "Өтiнiш-декларацияны тiркеу ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрінің 2008 жылғы 29 қазандағы № 429 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрінің 2013 жылғы 26 ақпандағы № 48 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8379 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрлігінің интернет-ресурсында жариялауды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының сауда және интеграция вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Сауда және интеграция министрі
А. Шаккалиев
  • Қоғамдық оферта
  • Құпиялылық саясаты
  • Құқықтық база
  • Жаңалықтар
  • Чат

Бізбен байланысыңыз

+7 701 948 15 57

Сату бөлімі

info@nuba.kz

Электронды пошта

BIZUP © 2026 “NUBA SOLUTIONS” Қолданба және оның барлық элементтері, соның ішінде бағдарламалық код, дизайн және мазмұн, Қазақстан Республикасының авторлық құқық туралы заңнамасымен қорғалған. Заңсыз көшіру, тарату немесе пайдалану тыйым салынған.