Қазақстан Республикасы Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясы
(бұдан әрі "Ұлттық комиссия" деп аталады) Төрағасының және мүшелерінің
Қазақстан Тізілім Ұстаушылар Қауымдастығы (бұдан әрi "ҚТҰҚ" деп аталады)
Кеңесінің мүшелерімен 1998 жылғы 04 қыркүйекте өткен кездесудің
нәтижелеріне сәйкес және бағалы қағаздар рыногын реттеуді жетілдіру
мақсатында Ұлттық комиссия
ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Тіркеушілерге қойылатын талаптар туралы" Ұлттық комиссияның 1998
жылғы 05 маусымдағы N 5
V980563_
қаулысына (Қазақстан Республикасының
Әділет министрлігінде 1998 жылғы 06 тамызда 563
V980563_
нөмірімен
тіркелген) өзгерістер енгізу мақсатында ҚТҰҚ толық құқықты және нақты
мүшелері - тіркеушілер үшін бағалы қағаздар ұстаушыларының тізілімін
жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыруға қажетті жеткілікті өз
капиталының ең төменгі деңгейіне мынадай талаптар белгіленсін:
1) 1998 жылдың 01 қазанына және 1999 жылдың 01 қаңтарына дейін -
15.000 айлық есепті көрсеткіш;
2) 1999 жылдың 01 қаңтарына және 1999 жылдың 01 көкегіне дейін -
23.000 айлық есепті көрсеткіш;
3) 1999 жылдың 01 көкегіне және одан әрі - 30.000 айлық есепті
көрсеткіш.
2. Осы Қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде
тіркелгеннен кейін күшіне енетіндігі белгіленсін.
3. Осы Қаулының орындалысына бақылау жасау Қазақстан Республикасының
Бағалы қағаздар жөніндегі Ұлттық комиссиясы орталық аппаратының
Лицензиялау және қадағалау басқармасына жүктелсін.
Комиссияның Төрағасы
Комиссияның мүшелері