Бұйрық
Негізгі ақпарат
Карточка
Құрылым
Тарих

Телеграф байланысының қызмет көрсетулерін ұсыну ережелеріне толықтырулар енгізу туралы

      "Қазақстан Республикасының Президенті", "Жоғарғы Үкіметтік" және "Үкіметтік" санаттағы жеделхаттарды жіберу құқығы бар тұлғалардың тізбесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 18 тамыздағы N 785 P980785_ қаулысына сәйкес бұйырамын:
      1. Телеграф байланысының қызмет көрсетулерін ұсыну ережелеріне толықтырулар енгізілсін (Көлік және коммуникациялар министрлігінің 1997 жылғы 27 мамырдағы N 465 бұйрығы):
      1) 2.4. тармақ мынадай мазмұнды бесінші абзацпен толықтырылсын - "Қазақстан Республикасының Президенті";
      2) 2.5. тармақтың екінші абзацы "санаттағы" сөздерінен кейін және бұдан әрі мәтін бойынша "Қазақстан Республикасының Президенті" сөздерімен толықтырылсын.
      2. Осы бұйрықты заңдармен белгіленген тәртіпте Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеу жүзеге асырылсын. 3. "Қазақтелеком" ААҚ президенті (Н.З. Сақыпов), РМПБК бас директоры (Е.Р. Әшкенов), "Қазақстан темір жолы" РМК бас директоры (А.И. Мырзахметов) осы телеграф байланысының қызмет көрсетулерін ұсыну бойынша барлық жұмыс орындарын көрсетілген Ережелердегі толықтырулармен қамтамасыз етсін. 4. Осы бұйрықтың орындалуына бақылау жасау Почта және телекоммуникациялар жөніндегі департаментке (А.Қ. Нәсиев) жүктелсін. Министр Оқығандар: Умбетова А.М. Касымбеков Б.А.
  • Қоғамдық оферта
  • Құпиялылық саясаты
  • Құқықтық база
  • Жаңалықтар
  • Чат

Бізбен байланысыңыз

+7 701 948 15 57

Сату бөлімі

info@nuba.kz

Электронды пошта

BIZUP © 2026 “NUBA SOLUTIONS” Қолданба және оның барлық элементтері, соның ішінде бағдарламалық код, дизайн және мазмұн, Қазақстан Республикасының авторлық құқық туралы заңнамасымен қорғалған. Заңсыз көшіру, тарату немесе пайдалану тыйым салынған.