Қаулы
Негізгі ақпарат
Карточка
Құрылым
Тарих

Тауар (жұмыс, қызмет) экспортынан шетел валютасымен түскен түсімді міндетті түрде сатуды енгізу туралы

      Ішкі валюта рыногында қалыптасқан жағдайды, сондай-ақ елдің төлем балансының нашарлауын ескере отырып, Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі туралы" 1995 жылғы 30 наурыздағы Z952155_ Заң күші бар Жарлығына және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 1999 жылғы 28 наурыздағы N 54 V990724_ қаулысымен бекітілген "Тауар (жұмыс, қызмет) экспортынан шетел валютасымен түскен түсімді міндетті түрде сату туралы" нұсқаулыққа сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасының аумағында тауар (жұмыс, қызмет) экспортынан шетел валютасымен түскен түсімді 50 процент мөлшерінде міндетті түрде сату осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап енгізілсін.
      2. Ішкі валюта рыногында міндетті түрде сатылуға тиісті шетел валютасының ұсынылған тізімі бекітілсін.
      3. Валюталық реттеу және бақылау басқармасы (Қасымжанова Г.З.) осы қаулыны Ұлттық Банктің облыстық филиалдарына және екінші деңгейдегі банктерге жіберсін.
      4. Мерзімді басылымдар және іскерлік ақпарат бөлімі (Байменов Х.Қ.) осы қаулыны республикалық бұқаралық ақпарат құралдарында жарияласын.
      5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары М.Т. Құдышевке жүктелсін.
Ұлттық Банк Төрағасы "Тауар (жұмыс, қызмет)
экспортынан шетел валютасымен
түскен түсімді міндетті түрде сатуды енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 1999 жылғы 28 наурыздағы N 55 қаулысына 1-қосымша


              Қазақстан Республикасының ішкі рыногында уәкілетті банктер арқылы міндетті түрде сатылуға тиісті валюталардың Тізімі Австрия шиллингi Ағылшын стерлинг фунты Бельгия франкi Голланд гульденi АҚШ доллары Еуро (Еуропалық одақтың бiрыңғай валютасы) Ирланд фунтi Испан песетi Итальян лирi Немiс маркасы Португал эскудосы Фин маркасы Француз франкi Швейцар франкi Жапон йенi Оқығандар: Умбетова А.М. Икебаева А.Ж.
  • Қоғамдық оферта
  • Құпиялылық саясаты
  • Құқықтық база
  • Жаңалықтар
  • Чат

Бізбен байланысыңыз

+7 701 948 15 57

Сату бөлімі

info@nuba.kz

Электронды пошта

BIZUP © 2026 “NUBA SOLUTIONS” Қолданба және оның барлық элементтері, соның ішінде бағдарламалық код, дизайн және мазмұн, Қазақстан Республикасының авторлық құқық туралы заңнамасымен қорғалған. Заңсыз көшіру, тарату немесе пайдалану тыйым салынған.