Бұйрық
Негізгі ақпарат
Карточка
Құрылым
Тарих

1998 жылдың 15 тамыздағы N 03-2 ОД бұйрығына өзгерістер енгiзу туралы

      "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы заңының  28 бабын басшылыққа ала отырып, Бұйырамын:
      1. Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі комитетінің Төрағасы - Қазақстан Республикасының Министрінің 1998 жылдың 15-ші тамыздағы N 03-2 ОД бұйрығымен  бекітілген, Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 1998 жылдың 5 қарашадағы 634 нөмірмен тіркелген "Табиғи монополия субъектілерінің қызметтерді (тауарларды, жұмыстарды) өндіру мен көрсету бағаларын (тарифтерін) есептегенде ескерілетін шығындарды қалыптастырудың ерекше тәртібі туралы нұсқаулығына" мынадай өзгерістер енгізілсін:
      12-тармағында:
      бірінші сөйлемнен "тәуелсіз сарапшы" деген сөздер алынып тасталсын;
      екінші сөйлем мынадай редакцияда берілсін:
      "Табиғи монополия субъектісі тапсырған техникалық негіздемелерді сараптаудан өткізуге, Өкілетті орган Білікті органды немесе тәуелсіз сарапшыны тартуға құқылы".
      15-ші тармақтың 7-ші азат жолы алынып тасталсын.
      2. Табиғи монополияларды реттеу департаменті (Попандопуло Е.Н.) осы бұйрықтың белгіленген тәртіпте Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізуін қамтамасыз етсін.
      3. Ұйымдық-кадрлар бөлімі (Герасимова Е.Н.) осы бұйрықты аумақтық комитеттерге және Мемлекеттік тізімнің республикалық тарауына енгізілген табиғи монополия субъектілеріне жеткізсін.
      4. Осы бұйрықтың орындалуына бақылау жасау Төрағаның орынбасары Е.А.Пушкареваға жүктелсін.    

      Төраға

  • Қоғамдық оферта
  • Құпиялылық саясаты
  • Құқықтық база
  • Жаңалықтар
  • Чат

Бізбен байланысыңыз

+7 701 948 15 57

Сату бөлімі

info@nuba.kz

Электронды пошта

BIZUP © 2026 “NUBA SOLUTIONS” Қолданба және оның барлық элементтері, соның ішінде бағдарламалық код, дизайн және мазмұн, Қазақстан Республикасының авторлық құқық туралы заңнамасымен қорғалған. Заңсыз көшіру, тарату немесе пайдалану тыйым салынған.