Қаулы
Негізгі ақпарат
Карточка
Құрылым
Тарих

Банктік емес қаржы ұйымдары туралы ережеге өзгеріс пен толықтыруды бекіту жөнінде

      Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар қызметінің нормативтік құқықтық базасын жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 1997 жылғы 23 мамырдағы N 221 V970326_ қаулысымен бекітілген Банктік емес қаржы ұйымдары туралы ережеге өзгеріс пен толықтыру бекітілсін және Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізілген күннен бастап күшіне енгізілсін.
      2. Банктік қадағалау департаменті (Жұмағұлов Б.Қ.):
      1) Заң департаментімен (Сизова С.И.) бірлесіп осы қаулыны және Банктік емес қаржы ұйымдары туралы ережеге өзгеріс пен толықтыру Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қабылдасын;
      2) осы қаулыны және Банктік емес қаржы ұйымдары туралы ережеге өзгеріс пен толықтыру Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізген күннен бастап екі апта мерзімде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің облыстық филиалдарына жіберсін.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары М.Т. Құдышевке жүктелсін.

      Ұлттық Банк
      Төрағасы
                                         Қазақстан Республикасының
                                         Ұлттық Банкі Басқармасының
                                         1999 жылғы 21 маусымдағы
                                         N 135 қаулысымен бекітілген

              Банктік емес қаржы ұйымдары туралы ережеге
                         өзгеріс пен толықтыру

      Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 1997 жылғы 23 мамырдағы N 221 V970326_ қаулысымен бекітілген Банктік емес қаржы ұйымдары туралы ережеге мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін: 1. 6-тармақтағы "атқарушы" деген сөз алынып тасталсын. 2. 25-тармақ мынадай мазмұндағы азатжолмен толықтырылсын: "Ұлттық Банк Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі болған жекелеген жағдайларда банктік емес қаржы ұйымына Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" Заң күші бар Жарлығында көзделген басқа да банк операцияларын жүргізуге лицензия беруге құқылы". Ұлттық Банк Төрағасы Оқығандар: Умбетова А.М. Нарбаев Е.А.
  • Қоғамдық оферта
  • Құпиялылық саясаты
  • Құқықтық база
  • Жаңалықтар
  • Чат

Бізбен байланысыңыз

+7 701 948 15 57

Сату бөлімі

info@nuba.kz

Электронды пошта

BIZUP © 2026 “NUBA SOLUTIONS” Қолданба және оның барлық элементтері, соның ішінде бағдарламалық код, дизайн және мазмұн, Қазақстан Республикасының авторлық құқық туралы заңнамасымен қорғалған. Заңсыз көшіру, тарату немесе пайдалану тыйым салынған.