Заң
Негізгі ақпарат
Карточка
Құрылым
Тарих

Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне қоғамдық бірлестіктерді мемлекеттік тіркеу мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы

      Қазақстан Республикасының мынадай заң актілеріне өзгерістер енгізілсін:

      1. Қазақстан Республикасы Президентінің "Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу туралы" 1995 жылғы 17 сәуірдегі N 2198 заң күші бар Жарлығына  (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж. N 3-4, 35-құжат; N 15-16, 109-құжат; N 20, 121-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж. N 1, 180-құжат; N 14, 274-құжат; 1997 ж. N 12, 183-құжат; 1998 ж. N 5-6, 50-құжат; N 17-18, 224-құжат; 1999 жылғы 3, 7 тамызда "Егемен Қазақстан" және 1999 жылғы 3, 5 тамызда "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 1999 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы ):
      9-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      "9-бап. Мемлекеттік тіркеу мен қайта тіркеу мерзімдері
      Мемлекеттік тіркеу және қайта тіркеу қажетті құжаттарымен қоса арыз берілген күннен бастап шағын кәсіпкерлік субъектілері үшін 3 жұмыс күнінен кешіктірілмей, ал қоғамдық бірлестіктер үшін 10 жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізілуге тиіс. Өзге заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу мен қайта тіркеу, сондай-ақ заңды тұлғалардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркеу және қайта тіркеу қажетті құжаттарымен қоса арыз берілген күннен бастап 15 күн ішінде жүргізілуге тиіс.
      Толық емес құжаттар топтамасын ұсынған, оларда кемшіліктер болған, құрылтай құжаттары бойынша сарапшының (маманның) қорытындысын алу қажет болған жағдайларда, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заң актілерінде көзделген өзге де негіздер бойынша мемлекеттік (есептік) тіркеу мен қайта тіркеу мерзімінде үзіліс жасалады.".

      2. "Қоғамдық бірлестіктер туралы" 1996 жылғы 31 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына  (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., N 8-9, 234-құжат):

     13-баптың төртінші абзацындағы ", басшы органның мүшелері туралы мәліметтер, қоғамдық бірлестіктің мәртебесін және заңды мекен-жайын" деген сөздер "туралы мәлімет және қоғамдық бірлестіктің тұрған жерін" деген сөздермен ауыстырылсын.

     Қазақстан Республикасының
     Президенті

    

  • Қоғамдық оферта
  • Құпиялылық саясаты
  • Құқықтық база
  • Жаңалықтар
  • Чат

Бізбен байланысыңыз

+7 701 948 15 57

Сату бөлімі

info@nuba.kz

Электронды пошта

BIZUP © 2026 “NUBA SOLUTIONS” Қолданба және оның барлық элементтері, соның ішінде бағдарламалық код, дизайн және мазмұн, Қазақстан Республикасының авторлық құқық туралы заңнамасымен қорғалған. Заңсыз көшіру, тарату немесе пайдалану тыйым салынған.