"Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туралы"
1996 жылғы 5 шілдедегі
Z960019_
Қазақстан Республикасының Заңына
(Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., N 11-12,
263-құжат; 1998 ж., N 23, 416-құжат; 1999 ж., N 4, 101-құжат) мынадай
өзгерістер енгізілсін:
10-баптың он үшінші абзацындағы "резервтік қорынан" деген сөздер
"резервінен" деген сөзбен ауыстырылсын;
11-баптың екінші бөлігінің сегізінші абзацындағы "резервтік қорынан"
деген сөздер "резервінен" деген сөзбен ауыстырылсын;
13-бапта:
екінші бөліктің үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"- төтенше жағдайлардың алдын алуға және оларды жоюға қатысты
бөлігінде көзделмеген шығыстарды қаржыландыру үшін жергілікті атқарушы
органның жергілікті бюджет құрамындағы резервінің көлемі туралы, сондай-ақ
материалдық-техникалық, азық-түлік медициналық және басқа ресурстардың
жергілікті қорларын құру туралы шешімдер қабылдайды;";
он бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"- бекітілген бюджет нысаналарына сәйкес төтенше жағдайлардың алдын
алу және оларды жою бойынша жергілікті бюджеттің атқарылуын қамтамасыз
етеді және материалдық-техникалық, азық-түліктік, медициналық және басқа
ресурстардың жергілікті қорларын құрып, пайдаланады;";
29-бап алып тасталсын.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Оқығандар:
Қасымбеков Б.А.
Икебаева Ә.Ж.