"Авариялық-құтқару қызметі және құтқарушылардың мәртебесі туралы"
Z970087_
1997 жылғы 27 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына
(Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., N 6, 69-құжат;
1998 ж., N 24, 436-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
1. 11-баптың 2-тармағында "шарттық негізде" деген сөздердің алдынан
"Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес" деген сөздер қосылсын.
2. 12-баптың 2-тармағында "құтқару жұмыстары мен шұғыл жұмыстарды"
деген сөздер "құтқару жұмыстарын" деп жазылсын.
3. 15-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"15-бап. Кәсіби авариялық-құтқару қызметтері мен құрамаларының
қызметін қаржыландыру
Кәсіби авариялық-құтқару қызметтері мен құрамаларының
қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген
тәртіппен жүзеге асырылады".
Қазақстан Республикасының
Президенті
Оқығандар:
Икебаева А.Ж.
Орынбекова Д.Қ.