Заң
Негізгі ақпарат
Карточка
Құрылым
Тарих

Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексін қолданысқа енгізу туралы

      1-бап. Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексі қолданысқа енгізілген күннен бастап мыналардың күші жойылды деп танылсын:

      1) Қазақ ССР Жоғарғы Советі 1984 жылғы 22 наурызда қабылдаған Қазақ ССР-інің Әкімшілік право бұзушылық туралы кодексі (Қазақ ССР Жоғарғы Советінің Ведомостары, 1984 ж., N 14 (қосымша); N 41, 534-құжат; 1985 ж., N 19, 190, 191-құжаттар; N 32, 325-құжат; N 45, 457-құжат; N 49, 513-құжат; 1986 ж., N 13, 122-құжат; N 25, 242-құжат; N 31, 320-құжат; N 49, 506-құжат; 1987 ж., N 2, 19-құжат; N 16, 201-құжат; N 29, 356-құжат; N 32, 421-құжат; N 41, 503-құжат; N 46, 560-құжат; 1988 ж., N 35, 324-құжат; 1989 ж., N 16, 129-құжат; N 27, 208-құжат; N 45, 364-құжат; N 49, 444-құжат; N 50-51, 458-құжат; 1990 ж., N 12-13, 114-құжат; N 44, 410-құжат; N 48, 445-құжат; N 49, 461-құжат; 1991 ж., N 25, 318-құжат; N 26, 348-құжат; N 28, 373-құжат; Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Ведомостары, 1992 ж., N 4, 96, 98, 100-құжаттар; N 13-14, 323-құжат; N 15, 380-құжат; N 16, 400-құжат; 1993 ж., N 3, 42-құжат; N 4, 70-құжат; N 8, 159, 161-құжаттар; N 9, 220, 222-құжаттар; N 20, 468, 469-құжаттар; 1994 ж., N 4-5, 60-құжат; N 8, 134-құжат; N 15, 207-құжат; N 21-22, 272-құжат; 1995 ж., N 1-2, 17-құжат; N 5, 41-құжат; N 8, 55-құжат; N 9-10, 64-құжат; N 15-16, 105-құжат; N 17-18, 110-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., N 1, 177-құжат; N 14, 274, 277-құжаттар; N 15, 281-құжат; 1997 ж., N 6, 66-құжат; N 11, 146, 152-құжаттар; N 12, 184-құжат; N 13-14, 208-құжат; N 22, 333-құжат; 1998 ж., N 11-12, 176-құжат; N 13, 194-құжат; N 14, 201-құжат; N 22, 310-құжат; 1999 ж., N 15, 595-құжат; N 20, 721, 727-құжаттар; N 23, 916, 931-құжаттар; 2000 ж., N 6, 141-құжат);

      2) Қазақ ССР Жоғарғы Советінің "Қазақ ССР-інің Әкімшілік право бұзушылық туралы кодексін күшіне енгізу туралы" 1984 жылғы 22 наурыздағы қаулысы (Қазақ ССР Жоғарғы Советінің Ведомостары, 1984 ж., N 14, 196-құжат);

      3) Қазақ ССР Жоғарғы Советі Президиумының "Қазақ ССР-інің Әкімшілік право бұзушылық туралы кодексін күшіне енгізу тәртібі туралы" 1984 жылғы 28 қыркүйектегі Указы (Қазақ ССР Жоғарғы Советінің Ведомостары, 1984 ж., N 41, 535-құжат).

      2-бап. Осы Кодекс қолданысқа енгізілгенге дейін қаралмай қалған әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді осы Кодексте белгіленген ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, олар қайда қаралып жатса, сол орган (лауазымды адам) қарайды.

      3-бап. Осы Кодекс қолданысқа енгізілген күннен бастап әкімшілік жауаптылық белгілейтін өзге де заң актілерінің нормалары қолданылмауға тиіс. Қазақстан Республикасының аумағында қолданылатын заң актілері және өзге де нормативтік құқықтық актілер осы Кодекстің талаптарына сай келтірілуге тиіс.

      Қазақстан Республикасының

       Президенті

      Мамандар: Қасымбеков Б.А.

      Багарова Ж.А.

  • Қоғамдық оферта
  • Құпиялылық саясаты
  • Құқықтық база
  • Жаңалықтар
  • Чат

Бізбен байланысыңыз

+7 701 948 15 57

Сату бөлімі

info@nuba.kz

Электронды пошта

BIZUP © 2026 “NUBA SOLUTIONS” Қолданба және оның барлық элементтері, соның ішінде бағдарламалық код, дизайн және мазмұн, Қазақстан Республикасының авторлық құқық туралы заңнамасымен қорғалған. Заңсыз көшіру, тарату немесе пайдалану тыйым салынған.