Қазақстан Республикасының мына заң актiлерiне өзгерiстер мен
толықтырулар енгiзiлсiн:
1. "Лицензиялау туралы" 1995 жылғы 17 сәуiрдегi
Z952200_
Қазақстан
Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы,
1995 ж., N 3-4, 37-құжат; N 12, 88-құжат; N 14, 93-құжат; N 15-16,
109-құжат; N 24, 162-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы,
1996 ж., N 8-9, 236-құжат; 1997 ж., N 1-2, 8-құжат; N 7, 80-құжат; N 11,
144, 149-құжаттар; N 12, 184-құжат; N 13-14, 195, 205-құжаттар; N 22,
333-құжат; 1998 ж., N 14, 201-құжат; N 16, 219-құжат; N 17-18, 222, 224,
225-құжаттар; N 23, 416-құжат; N 24, 452-құжат; 1999 ж., N 20, 721,
727-құжаттар; N 21, 787-құжат; N 22, 791-құжат; N 23, 931-құжат; N 24,
1066-құжат; 2000 ж., N 10, 248-құжат):
15-бап мынадай мазмұндағы бөлiкпен толықтырылсын:
"Шетелдiк жұмыс күшiн тартуға байланысты қызметтi жүзеге асыруға
арналған лицензия жұмыс берушi Қазақстан Республикасының шегiнен тыс
жерлерден Республика аумағында жұмыс iстеу үшiн жалдайтын шетел
азаматтарын тартуға арнап, Қазақстан Республикасының Үкiметi тұтастай және
кәсiптiк топтар бойынша белгiлейтiн квота ескерiле отырып берiледi.".
2. Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасындағы
шетел азаматтарының құқықтық жағдайы туралы" 1995 жылғы 19 маусымдағы
N 2337
U952337_
заң күшi бар Жарлығына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы
Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., N 9-10, 68-құжат; Қазақстан Республикасы
Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., N 12, 184-құжат):
4-баптың бiрiншi бөлiгi мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасында тұрақты тұрушылар деп, соған iшкi iстер
органдарының берген рұқсатын және шетелдiк азаматтың Қазақстан
Республикасында тұруға ықтиярхатын не азаматтығы жоқ адамның куәлiгiн
алған шетелдiк азаматтар мен азаматтығы жоқ адамдар танылады.";
6-бапта:
бiрiншi бөлiк мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын:
"Қазақстан Республикасы азаматтарының еңбек ету бостандығына
конституциялық құқығын iске асыруды қамтамасыз ету мақсатында заң
актiлерiмен шетелдiк азаматтардың Қазақстан Республикасында еңбек қызметiн
жүзеге асыруы жөнiндегi шектеулер белгiленуi мүмкiн.";
үшiншi бөлiктегi "Шетел азаматтары" деген сөздердiң алдынан
"Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын" деген сөздермен толықтырылсын;
10-бапта:
бiрiншi бөлiк мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын:
"Қазақстан Республикасы азаматтарының бiлiм алуға конституциялық
құқығын iске асыруды қамтамасыз ету мақсатында заң актiлерiмен шетелдiк
азаматтардың Қазақстан Республикасында тегiн жоғары бiлiм алуына шектеулер
белгiленуi мүмкiн.";
екiншi бөлiктегi ", сондай-ақ оқу орындарымен жасасқан контракттар
мен шарттар бойынша" деген сөздер алып тасталсын;
28-бапта:
в) тармақшадағы "Қазақстан Республикасының шегiнен қуылуы мүмкiн"
деген сөздер алып тасталып, мынадай мазмұндағы г) тармақшамен
толықтырылсын:
"г) егер Қазақстан Республикасының азаматымен некеге тұруы оны
Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға қалдыру үшiн негiз болып табылып,
заң актiлерiмен белгiленген тәртiппен неке заңсыз деп танылған жағдайда
Қазақстан Республикасының шегiнен қуылуы мүмкiн.";
екiншi бөлiк мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын:
"Олар iшкi iстер органдарының арнаулы мекемелерiнде ұсталады.".
3. 1997 жылғы 16 шiлдедегi
K970167_
Қазақстан Республикасының
Қылмыстық кодексi (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж.,
N 15-16, 211-құжат; 1998 ж., N 16, 219-құжат; N 17-18, 225-құжат; 1999 ж.,
N 20, 721-құжат; N 21, 774-құжат; 2000 ж., N 16, 141-құжат):
мынадай мазмұндағы 330-1-баппен толықтырылсын:
"330-1-бап. Шығарып жiберу туралы шешiмдi орындамау
Шетел азаматтарының және азаматтығы жоқ адамдардың өздерiне қатысты
қабылданған Қазақстан Республикасының шегiнен шығарып жiберу туралы
шешiмдердi орындамауы -
бiр жүз айлық есептiк көрсеткiштен бес жүз айлық есептiк көрсеткiшке
дейiнгi мөлшерде не сотталған адамның бiр айдан бес айға дейiнгi кезеңдегi
жалақысы немесе өзге де табысы мөлшерiнде айыппұл салуға, не алты айға
дейiнгi мерзімге қамауға алуға, не бiр жылға дейiнгi мерзiмге бас
бостандығынан айыруға жазаланады.".
Қазақстан Республикасының
Президенті
Мамандар:
Қасымбеков Б.А.
Багарова Ж.А.