Заң
Негізгі ақпарат
Карточка
Құрылым
Тарих

"Жалпыға бірдей әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

      1-бап. "Жалпыға бірдей әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" 1993 жылғы 19 қаңтардағы Z939000_ Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1993 ж., N 2, 28-құжат; 1995 ж., N 8, 56-құжат; N 22, 135-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., N 12, 184-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін: 1. 2-баптың 1-тармағында: 1) екінші бөлікте: үшінші абзацтағы "солдаттар мен матростар, сержанттар мен старшиналар лауазымында" деген сөздер алып тасталсын; төртінші және бесінші абзацтар алып тасталсын; 2) мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын: "Келісім-шарт бойынша әскери қызметтің ерекшеліктері "Келісім-шарт бойынша әскери қызмет туралы" Z010167_ Қазақстан Республикасының Заңымен реттеледі.". 2. 18-бап алып тасталсын. 3. 19-баптың бірінші бөлігінің в) тармақшасы және екінші бөлігі алып тасталсын. 4. 21-бап алып тасталсын. 5. 22-бапта: 1-тармақтың үшінші абзацы алып тасталсын; 4-тармақ алып тасталсын. 2-бап. Осы Заң ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Президенті Мамандар: Қасымбеков Б.А. Багарова Ж.А.