1-бап. "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер
туралы" 1995 жылғы 24 сәуірдегі Қазақстан Республикасының
Z952235_
Заңына
(Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., N 6, 43-құжат;
N 12, 88-құжат; N 23, 152-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің
Жаршысы, 1996 ж., N 1, 180, 181-құжаттар; N 11-12, 257-құжат; N 15,
281-құжат; N 23-24, 416-құжат; 1997 ж., N 4, 51-құжат; N 7, 82-құжат; N
10, 112-құжат; N 11, 144-құжат; N 12, 184, 188-құжаттар; N 13-14, 195,
205-құжаттар; N 20, 263-құжат; N 22, 333-құжат; 1998 ж., N 4, 45-құжат; N
14, 197, 201, 202-құжаттар; N 23, 425-құжат; N 24, 436, 442,
445-құжаттар; 1999 ж., N 6, 192, 193-құжаттар; N 20, 731-құжат; N 21,
786-құжат; N 23, 928-құжат; N 24, 1067-құжат; 2000 ж., N 3-4, 65,
66-құжаттар; N 10, 234-құжат; 2001 ж., N 3, 16-құжат; 2001 жылғы 5 мамырда
"Егемен Қазақстан" және 2001 жылғы 9 мамырда "Казахстанская правда"
газеттерінде жарияланған "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті
төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен
толықтырулар енгізу туралы" 2001 жылғы 3 мамырдағы Қазақстан
Республикасының
Z010183_
Заңы) мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:
1. 34-баптың 5-тармағы мынадай мазмұндағы 9) тармақшамен
толықтырылсын:
"9) "Қазақстан Республикасы азаматтарының ақшаны жария етуіне
байланысты оларға рақымшылық жасау туралы" 2001 жылғы 2 сәуірдегі
Қазақстан Республикасының
Z010173_
Заңына сәйкес жеке тұлғалардың жария
етілген ақшасы.".
2. 58-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Түсті және қара металл сынықтары экспортын, сондай-ақ осы баптың
5-тармағында көзделген жағдайларды және Қазақстан Республикасына тауарлар
экспорты кезінде қосылған құн салығы ескерілген бағаны қолданатын
мемлекеттерге тауарлар экспортын қоспағанда, тауарлар экспортына нөлдік
ставка бойынша салық салынады.".
2-бап. Осы Заңның 1-бабының 1-тармағы ресми жарияланған күнінен
бастап қолданысқа енгізіледі.
Осы Заңның 1-бабының 2-тармағы 2001 жылғы 1 шілдеден бастап
қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Мамандар:
Багарова Ж.А.,
Жұманазарова А.Б.