"Қазақстан Республикасы астанасының мәртебесі туралы" 1998 жылғы
20 мамырдағы
Z980230_
Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан
Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1998 ж., N 7-8, 79-құжат) мынадай
толықтырулар енгізілсін:
3-баптың 4-тармағы мынадай мазмұндағы 7-1) және 7-2) тармақшалармен
толықтырылсын:
"7-1) коммуналдық заңды тұлғаларға бекітіліп берілмеген коммуналдық
мүлік тізбесін бекітеді, республикалық меншікке жатқызылған акционерлік
қоғамдар акцияларының мемлекеттік пакеттерін қоспағанда, Қазақстан
Республикасы астанасының аумағында тіркелген акционерлік қоғамдар
акцияларының мемлекеттік пакеттерін иеленуді, пайдалануды және оларға
билік етуді жүзеге асырады;
7-2) Астана қаласының коммуналдық меншігін иеленуді, пайдалануды және
оған билік етуді жүзеге асырады;".
Қазақстан Республикасының
Президенті
Мамандар:
Қасымбеков Б.А.
Икебаева Ә.Ж.