1-бап. "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер
туралы" 1995 жылғы 24 сәуірдегі Қазақстан Республикасының
Z952235_
Заңына
(Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., N 6, 43-құжат;
N 12, 88-құжат; N 23, 152-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің
Жаршысы, 1996 ж., N 1, 180, 181-құжаттар; N 11-12, 257-құжат; N 15,
281-құжат; N 23-24, 416-құжат; 1997 ж., N 4, 51-құжат; N 7, 82-құжат; N
10, 112-құжат; N 11, 144-құжат; N 12, 184, 188-құжаттар; N 13-14, 195,
205-құжаттар; N 20, 263-құжат; N 22, 333-құжат; 1998 ж., N 4, 45-құжат; N
14, 197, 201, 202-құжаттар; N 23, 425-құжат; N 24, 436, 442, 445-құжаттар;
1999 ж., N 6, 192, 193-құжаттар; N 20, 731-құжат; N 21, 786-құжат; N 23,
928-құжат; N 24, 1067-құжат; 2000 ж., N 3-4, 65, 66-құжаттар; N 10,
234-құжат; 2001 ж., N 3, 16-құжат; N 10, 124-құжат; N 13-14, 173,
177-құжаттар; N 15-16, 224, 238-құжаттар; N 17-18, 241, 245-құжаттар; 2001
жылғы 13 қазанда "Егемен Қазақстан" және 2001 жылғы 16
қазанда "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан
Республикасының кейбір заң актілеріне әскери қызметшілердің, құқық қорғау
органдары және басқа да мемлекеттік органдар қызметкерлерінің еңбегіне ақы
төлеу және оларды әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен
толықтырулар енгізу туралы" 2001 жылғы 10 қазандағы Қазақстан
Республикасының
Z010247_
Заңы) мынадай өзгеріс енгізілсін:
104-7-баптың 3-тармағының 9) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"9) әскери қызметшілерге әскери қызмет міндеттерін орындауға
байланысты олар алатын және ішкі істер органдарының қызметкерлеріне
қызметтік міндеттерін орындауға байланысты олар алатын төлемдердің барлық
түрлеріне;".
2-бап. Осы Заң 2001 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті