Заң
Негізгі ақпарат
Карточка
Құрылым
Тарих

Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне мемлекеттік баж мәселелері бойынша өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы

      1-бап. Қазақстан Республикасының мына заң актілеріне өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:
      1. "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексін (Салық кодексін) қолданысқа енгізу туралы" 2001 жылғы 12 маусымдағы Z010210_ Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., N 11-12, 169-құжат; N 15-16, 224-құжат; N 24, 338-құжат; 2002 ж., N 1, 2-құжат):
      мынадай мазмұндағы 5-2-баппен толықтырылсын:
      "5-2-бап. "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" K010209_ Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексінің) 498-бабы 1-тармағы 1) тармақшасының қолданылуы 2003 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрсын.".
      2. "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" K010209_ Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексіне) (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., N 11-12, 168-құжат): 498-баптың 1-тармағының 1) тармақшасы алып тасталсын. 2-бап. 1. Осы Заңның 1-бабының 1-тармағы 2002 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі. 2. Осы Заңның 1-бабының 2-тармағы 2003 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Президенті Мамандар: Қасымбеков Б.А. Багарова Ж.А.
  • Қоғамдық оферта
  • Құпиялылық саясаты
  • Құқықтық база
  • Жаңалықтар
  • Чат

Бізбен байланысыңыз

+7 701 948 15 57

Сату бөлімі

info@nuba.kz

Электронды пошта

BIZUP © 2026 “NUBA SOLUTIONS” Қолданба және оның барлық элементтері, соның ішінде бағдарламалық код, дизайн және мазмұн, Қазақстан Республикасының авторлық құқық туралы заңнамасымен қорғалған. Заңсыз көшіру, тарату немесе пайдалану тыйым салынған.