Заң
Негізгі ақпарат
Карточка
Құрылым
Тарих

"Ұлттық мұрағат қоры және мұрағаттар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы

      "Ұлттық мұрағат қоры және мұрағаттар туралы" 1998 жылғы 22 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына  (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1998 ж., N№24, 435-құжат; 2001 ж., N№21-22, 286-құжат) мынадай өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін:

      22-баптың 1-тармағында:
      1) "Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігінде" деген сөздерден кейінгі "және" деген шылау алып тасталып, "үтір" тыныс белгісімен толықтырылсын;
      2) "Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметінде" деген сөздерден кейін "және Қазақстан Республикасының Қаржы полициясы агенттігінде" деген сөздермен толықтырылсын.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті