Заң
Негізгі ақпарат
Карточка
Құрылым
Тарих

"Лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына дене шынықтыру және спорт мәселелері бойынша толықтыру енгізу туралы

      "Лицензиялау туралы" 1995 жылғы 17 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына  (Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., N 3-4, 37-құжат; N 12, 88-құжат; N 14, 93-құжат; N 15-16, 109-құжат; N 24, 162-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., N 8-9, 236-құжат; 1997 ж., N 1-2, 8-құжат; N 7, 80-құжат; N 11, 144, 149-құжаттар; N 12, 184-құжат; N 13-14, 195, 205-құжаттар; N 22, 333-құжат; 1998 ж., N 14, 201-құжат; N 16, 219-құжат; N 17-18, 222, 224, 225-құжаттар; N 23, 416-құжат; N 24, 452-құжат; 1999 ж., N 20, 721, 727-құжаттар; N 21, 787-құжат; N 22, 791-құжат; N 23, 931-құжат; N 24, 1066-құжат; 2000 ж., N 10, 248-құжат; N 22, 408-құжат; 2001 ж., N 1, 7-құжат; N  8, 52, 54-құжаттар; N 13-14, 173, 176-құжаттар; N 23, 321-құжат; N 24, 338-құжат; 2002 ж., N 2, 17-құжат; N 15, 151-құжат; N 19-20, 165-құжат; 2003 ж., N 1-2, 2-құжат; N 4, 25-құжат; N 6, 34-құжат; N 10, 50, 51-құжаттар; 2003 жылғы 10 маусымда "Егемен Қазақстан" және 2003 жылғы 6 маусымда "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына орман пайдалану және су пайдалану мәселелері бойынша толықтырулар енгізу туралы" 2003 жылғы 4 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы ) мынадай толықтыру енгізілсін:
      10-бап мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "1-1) білім беру ұйымдарындағы қызметті қоспағанда дене шынықтыру-сауықтыру, спорт қызметтерін көрсету бойынша;".

      Қазақстан Республикасының
      Президенті