Заң
Негізгі ақпарат
Карточка
Құрылым
Тарих

Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне толықтырулар енгізу туралы

      1997 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне  (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., N 15-16, 211-құжат; 1998 ж., N 16, 219-құжат; N 17-18, 225-құжат; 1999 ж., N 20, 721-құжат; N 21, 774-құжат; 2000 ж., N 6, 141-құжат; 2001 ж., N 8, 53, 54-құжаттар; 2002 ж., N 4, 32, 33-құжаттар; N 10, 106-құжат; N 17, 155-құжат; N 23-24, 192-құжат) мынадай толықтырулар енгізілсін:
      128-бапта:
      тақырыбындағы "азғырып-көндіру" деген сөздерден кейін ", сондай-ақ әкету және олардың транзиті" деген сөздермен толықтырылсын;
      үшінші бөлік "әрекеттер" деген сөзден кейін ", сол сияқты адамдарды көрінеу жыныстық немесе өзгедей пайдалану үшін Қазақстаннан тыс жерлерге әкету немесе бір шет мемлекеттен екіншісіне бара жатқан адамдарды Қазақстан Республикасының аумағы арқылы тасымалдау" деген сөздермен толықтырылсын.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті

     

  • Қоғамдық оферта
  • Құпиялылық саясаты
  • Құқықтық база
  • Жаңалықтар
  • Чат

Бізбен байланысыңыз

+7 701 948 15 57

Сату бөлімі

info@nuba.kz

Электронды пошта

BIZUP © 2026 “NUBA SOLUTIONS” Қолданба және оның барлық элементтері, соның ішінде бағдарламалық код, дизайн және мазмұн, Қазақстан Республикасының авторлық құқық туралы заңнамасымен қорғалған. Заңсыз көшіру, тарату немесе пайдалану тыйым салынған.