Заң
Негізгі ақпарат
Карточка
Құрылым
Тарих

Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Жылжымайтын мүлiкке құқықтарды және онымен жасалатын мәмiлелердi мемлекеттік тiркеу туралы" заң күшi бар Жарлығына толықтырулар енгiзу туралы

      Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Жылжымайтын мүлiкке құқықтарды және онымен жасалатын мәмiлелердi мемлекеттiк тiркеу туралы" 1995 жылғы 25 желтоқсандағы N 2727 заң күшi бар  Жарлығына  (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., N 24, 168-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., N 21, 277-құжат; 2001 ж., N 24, 338-құжат; 2002 ж., N 17, 155-құжат; N 18, 157-құжат) мынадай толықтырулар енгiзiлсiн:

      1) 1-бап мынадай мазмұндағы 8) тармақшамен толықтырылсын:
      "8) жылжымайтын мүлiкке құқықтарды (құқықтық ауыртпалықтарды) кезең-кезеңмен тiркеу - жылжымайтын мүлiкке Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен тiркелмеген барлық қолданыстағы құқықтарды (құқықтық ауыртпалықтарды), оның iшiнде тiркеу жүйесi енгiзiлгенге дейiн туындаған құқықтарды (құқықтық ауыртпалықтарды) тiркеу жолымен тiркеушi орган белгiлi бiр әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiк аумағында өткiзетiн бiржолғы iс-шара.";

      2) мынадай мазмұндағы 3-1-баппен толықтырылсын:

      "3-1-бап. Жылжымайтын мүлiкке құқықтарды (құқықтық
                ауыртпалықтарды) кезең-кезеңмен тiркеу

      1. Жылжымайтын мүлiкке құқықтарды (құқықтық ауыртпалықтарды) кезең-кезеңмен тiркеудi тiркеушi орган жылжымайтын мүлiкке құқықтарды (құқықтық ауыртпалықтарды) және онымен жасалатын мәмiлелердi мемлекеттiк тiркеуден өтпеген жылжымайтын мүлiк объектiлерiнiң құқық иелерi туралы деректердi толықтыру мақсатында жүргiзедi.
      2. Жылжымайтын мүлiкке құқықтарды (құқықтық ауыртпалықтарды) кезең-кезеңмен тiркеу Қазақстан Республикасының жылжымайтын мүлiкке құқықтарды және онымен жасалатын мәмiлелердi мемлекеттiк тiркеу туралы заңдарында белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады.
      3. Мемлекеттiк органдардың өзара iс-қимыл тәртiбiн, жылжымайтын мүлiкке құқықтарды (құқықтық ауыртпалықтарды) кезең-кезеңмен тiркеудi жүргiзудiң аумағы мен мерзiмдерiн Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайды.".

       Қазақстан Республикасының
      Президентi

      

  • Қоғамдық оферта
  • Құпиялылық саясаты
  • Құқықтық база
  • Жаңалықтар
  • Чат

Бізбен байланысыңыз

+7 701 948 15 57

Сату бөлімі

info@nuba.kz

Электронды пошта

BIZUP © 2026 “NUBA SOLUTIONS” Қолданба және оның барлық элементтері, соның ішінде бағдарламалық код, дизайн және мазмұн, Қазақстан Республикасының авторлық құқық туралы заңнамасымен қорғалған. Заңсыз көшіру, тарату немесе пайдалану тыйым салынған.