Заң
Негізгі ақпарат
Карточка
Құрылым
Тарих

"Сот сараптамасы туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгерiстер енгiзу туралы

      "Сот сараптамасы туралы" 1997 жылғы 12 қарашадағы Қазақстан Республикасының  Заңына  (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., N 21, 276-құжат; 2000 ж., N 6, 141-құжат; 2001 ж., N 21-22, 281-құжат; 2004 ж., N 23, 142-құжат; N 24, 153-құжат) мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:

      1) 1-баптың алтыншы абзацындағы "мемлекеттiк органдар" деген сөздер "мемлекеттiк мекемелер" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2) 4-баптың 3) тармақшасындағы "мемлекеттiк органдарының" деген сөздер "мемлекеттiк мекемелерiнiң" деген сөздермен ауыстырылсын;

      3) 10-баптың 2-тармағының екiншi бөлiгiндегi "және Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң комиссиясында аттестациядан өтуi" деген сөздер алып тасталсын;

      4) 15-бапта:
      1-тармақтағы "(түрлерiн)" деген сөз алып тасталсын;

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "2. Сараптаманың белгiлi бiр түрiн жүргiзу құқығына сот сарапшысының бiлiктiлiк куәлiгiн тиiсiнше Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң немесе Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы уәкiлеттi органының бiлiктiлiк комиссиясы бередi.
      Бiлiктiлiк комиссиясының қызмет тәртiбi мен құрамын тиiсiнше Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгi немесе Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы уәкiлеттi органы айқындайды.";

      5) 16-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "16-бап. Сот сарапшысын аттестациялау

      Кәсiптiк даярлығының деңгейiн анықтау мақсатында тиiсiнше Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң немесе Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы уәкiлеттi органының Аттестациялық комиссиясы сот сарапшыларын әрбiр бес жыл сайын аттестациялаудан өткiзуге тиiс.
      Аттестациялық комиссияның қызмет тәртібі мен құрамын тиісінше Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі немесе Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органы айқындайды.".

      Қазақстан Республикасының
      Президенті

      

  • Қоғамдық оферта
  • Құпиялылық саясаты
  • Құқықтық база
  • Жаңалықтар
  • Чат

Бізбен байланысыңыз

+7 701 948 15 57

Сату бөлімі

info@nuba.kz

Электронды пошта

BIZUP © 2026 “NUBA SOLUTIONS” Қолданба және оның барлық элементтері, соның ішінде бағдарламалық код, дизайн және мазмұн, Қазақстан Республикасының авторлық құқық туралы заңнамасымен қорғалған. Заңсыз көшіру, тарату немесе пайдалану тыйым салынған.