1-бап. "Микрокредиттік ұйымдар туралы" 2003 жылғы 6 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., N 4, 23-құжат; 2006 ж., N 11, 55-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) 1-баптың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"1) қарыз алушы - микрокредиттік ұйыммен микрокредит беру туралы шарт жасасқан жеке немесе заңды тұлға;";
2) 3-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Микрокредиттік ұйым бір қарыз алушыға тиісті қаржы жылына арналған Қазақстан Республикасының республикалық бюджет туралы заңында белгіленген айлық есептік көрсеткіштің сегіз мың еселенген мөлшерінен аспайтын мөлшерде микрокредиттер береді.";
3) 9-баптың 2-тармағындағы "шағын кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын" деген сөздер алып тасталсын;
4) 15-баптың 3-тармағының 6) тармақшасы алып тасталсын.
2-бап. Осы Заң ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті