Заң
Негізгі ақпарат
Карточка
Құрылым
Тарих

Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

       1-бап.  2004 жылғы 24 сәуірдегі Қазақстан Республикасының  Бюджет кодексіне  (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., N 8-9, 53-құжат; N 20, 116-құжат; N 23, 140, 142-құжаттар; 2005 ж., N 14, 55-құжат; N 21-22, 87-құжат; 2006 ж., N 1, 5-құжат; N 3, 22-құжат; N 8, 45-құжат; N 12, 77, 79-құжаттар; N 13, 86-құжат; N 16, 97-құжат; N 23, 141-құжат; 2007 ж., N 1, 4-құжат; N 2, 16-құжат; N 4, 28-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      1) 23-баптың 2-тармағындағы "шикі мұнайды және газ конденсатын өндірумен және (немесе) өткізумен айналысатын" деген сөздер "мұнай операцияларымен айналысатын, сондай-ақ шикі мұнайды және газ конденсатын өткізетін" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2) 46-бапта:
      1-тармақта:
      9-1) тармақша "қызметін" деген сөздің алдынан "мұнай секторы кәсіпорындарынан түсетін түсімдерді қоспағанда," деген сөздермен толықтырылсын;

      32) тармақшадағы "баж болып табылады." деген сөздер "баж;" деген сөзбен ауыстырылып, тармақ мынадай мазмұндағы 33) тармақшамен толықтырылсын:
      "33) мұнай секторы кәсіпорындарынан түсетін түсімдерді қоспағанда, экспортталатын шикі мұнайға, газ конденсатына рента салығы болып табылады.";

      2-тармақта:
      4) тармақша "республикалық" деген сөздің алдынан "мұнай секторы кәсіпорындарынан түсетін түсімдерді қоспағанда," деген сөздермен толықтырылсын;

      5) тармақша "республикалық" деген сөздің алдынан "мұнай секторы кәсіпорындарынан түсетін түсімдерді қоспағанда," деген сөздермен толықтырылсын;

      3) 49-1-бапта:
      1) тармақшаның төртінші абзацындағы "жатады" деген сөз алып тасталып, тармақша мынадай мазмұндағы бесінші абзацпен толықтырылсын:
      "қызметін өнімді бөлу туралы келісімшарт бойынша жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушының қосымша төлемі жатады;";

      мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "1-1) мұнай секторы кәсіпорындары жүзеге асыратын операциялардан түсетін басқа да түсімдерден (жергілікті бюджеттердің есебіне жатқызылатын түсімдерді қоспағанда), оның ішінде мұнай келісімшарттарының талаптарын бұзғаны үшін түсетін түсімдерден (жергілікті бюджеттердің есебіне жатқызылатын түсімдерді қоспағанда);";

      4) 59-баптың 7-1) тармақшасы алып тасталсын;

      5) 76-баптың 4-тармағының 3) тармақшасы алып тасталсын.

       2-бап.  Осы Заң ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Президенті

      

  • Қоғамдық оферта
  • Құпиялылық саясаты
  • Құқықтық база
  • Жаңалықтар
  • Чат

Бізбен байланысыңыз

+7 701 948 15 57

Сату бөлімі

info@nuba.kz

Электронды пошта

BIZUP © 2026 “NUBA SOLUTIONS” Қолданба және оның барлық элементтері, соның ішінде бағдарламалық код, дизайн және мазмұн, Қазақстан Республикасының авторлық құқық туралы заңнамасымен қорғалған. Заңсыз көшіру, тарату немесе пайдалану тыйым салынған.