Заң
Негізгі ақпарат
Карточка
Құрылым
Тарих

Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Әлеуметтiк мемлекеттiк кепiлдiктердi реттеу жөнiндегi шаралар туралы" заң күшi бар Жарлығына толықтыру енгiзу туралы

      1-бап. Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Әлеуметтiк мемлекеттiк кепiлдiктердi реттеу жөнiндегi шаралар туралы" 1996 жылғы 23 қаңтардағы N 2788 U962788_ Заң күшi бар Жарлығының (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1996 ж., N 1, 176-құжат) екiншi бөлiмi мынадай мазмұндағы екiншi бөлiкпен толықтырылсын:
      "Отанды қорғау кезiнде немесе соғыс қимылдары жүрiп жатқан мемлекеттерде жауынгерлiк борышын өтеу кезiнде алған жарақаты, контузиясы, мертiгуi немесе науқастануы салдарынан 1996 жылдың 1 қаңтарынан кейiн алғаш рет I-II топтағы мүгедек болған адамдарға зейнетақының негiзгi мөлшерiн, егер ол бұдан бұрын арттырылмаған болса, 40 процент, аталған себептер салдарынан III топтағы мүгедек болған адамдарға - 30 процент арттыру белгiленсiн".
      2-бап. Осы Заң 1996 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне енедi.
 

     Қазақстан Республикасының

          Президентi



  • Қоғамдық оферта
  • Құпиялылық саясаты
  • Құқықтық база
  • Жаңалықтар
  • Чат

Бізбен байланысыңыз

+7 701 948 15 57

Сату бөлімі

info@nuba.kz

Электронды пошта

BIZUP © 2026 “NUBA SOLUTIONS” Қолданба және оның барлық элементтері, соның ішінде бағдарламалық код, дизайн және мазмұн, Қазақстан Республикасының авторлық құқық туралы заңнамасымен қорғалған. Заңсыз көшіру, тарату немесе пайдалану тыйым салынған.