Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Салық және бюджетке
төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" 1995 жылғы 24 сәуiрдегi
N 2235
Z952235_
Заң күшi бар Жарлығына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы
Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., N 6, 43-құжат; N 12, 88-құжат; N 23,
152-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1996 ж., N 1,
180, 181-құжаттар; N 11-12, 257-құжат; N 15, 281-құжат; N 23-24,
416-құжат; 1997 ж., N 4, 51-құжат; N 7, 82-құжат; N 10, 112-құжат;
N 11, 144-құжат; N 12, 184, 188-құжаттар; N 13-14, 195, 205-құжаттар;
N 20, 263-құжат; 1997 жылғы 12 желтоқсанда "Егемен қазақстан" және
Казахстанская правда" газеттерiнде жарияланған "Қазақстан
Республикасының кейбiр заң актiлерiне өзгерiстер мен толықтырулар
енгiзу туралы" 1997 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының
Заңы) мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
94-3-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"Жер қойнауын пайдалануға белгiленген тәртiппен жасалған
келiсiм-шартта белгiленген және мiндеттi салық сараптамасынан өткен
салық режимi, сол келiсiм-шарттың қолданылу мерзiмi бiткенге дейiн
өзгерiссiз қолданыла бередi, бұған келiсiм-шарттың салық режимiне
өзгерiстер келiсiм-шарт тараптарының келiсiмi бойынша енгiзiлiп,
Қазақстан Республикасы мен келiсiм-шарт бойынша жер қойнауын
пайдаланушының бастапқы экономикалық мүдделерi арақатынасының
өзгеруiне әкеп соқпайтын жағдайлар қосылмайды.".
2-тармақ алып тасталсын.
179-бапта:
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Қазақстан Республикасының Үкiметi немесе Құзыреттi орган мен
отандық немесе шетелдiк жер қойнауын пайдаланушылардың арасында 1996
жылғы 1 қаңтарға дейiн жасалған жер қойнауын пайдалануға арналған
келiсiм-шарттарда, сондай-ақ осы жер қойнауын пайдаланушылармен бұрын
жасалған келiсiм-шарттарды орындау үшiн аталған күннен кейiн жасалған
жер қойнауын пайдалануға арналған келiсiм-шарттарда және 1996 жылғы
1 қаңтардан бастап жасалып, мiндеттi салық сараптамасынан өткен жер
қойнауын пайдалануға арналған келiсiм-шарттарда айқындалған салық
салу талаптары сақталады және олардың қолданылуының күллi белгiленген
мерзiмi бойы күшiнде болады.".
Қазақстан Республикасының
Президентi
оқығандар:
Багарова Ж.
Икебаева А.