Заң
Негізгі ақпарат
Карточка
Құрылым
Тарих

Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасының прокуратурасы туралы" Заң күшi бар Жарлығына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы

      Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасының прокуратурасы туралы" 1995 жылғы 21 желтоқсандағы N 2709 Z952709_ Заң күшi бар Жарлығына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., N 24, 156-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., N 12, 184-құжат) мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
      1. 4-бап мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын:
      "6) статистикалық көрсеткiштердiң тұтастығын, объективтiлiгiн және жеткiлiктiлiгiн қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттiк құқықтық статистиканы қалыптастырады, құқықтық статистика саласындағы заңдардың қолданылуын қадағалауды жүзеге асырады."
      2. 6-баптың 4-тармағы "заңдарда белгiленген нысандарда," деген сөздерден кейiн "сондай-ақ прокурор белгiлеген" деген сөздермен толықтырылсын. 3. 10-баптың 3-тармағында "басқармаларының" деген сөз "департаменттерiнiң" деген сөзбен ауыстырылсын. 4. 12-бапта: 1) 3-тармақта: "құрылымын" деген сөзден кейiн "департаменттер," деген сөзбен толықтырылсын; екiншi сөйлемдегi "Басқармалар" деген сөз "Департаменттердiң, басқармалар" деген сөздермен ауыстырылсын; соңғы сөйлемдегi "Басқармалар" деген сөз "Департаменттерде, басқармалар" деген сөздермен ауыстырылсын; 2) 4-тармақта: сөйлем басындағы "Басқармалар" деген сөз "Департаменттердiң, басқармалар" деген сөздермен ауыстырылсын; "жөнiндегi көмекшiлердi," деген сөздерден кейiн "департаменттердiң," деген сөзбен толықтырылсын. 3) 5-тармақтың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "5) заңдылық пен құқық тәртiбiн қамтамасыз етуде жедел-iздестiру қызметiн, анықтауды және тергеудi жүзеге асыратын басқа да республикалық құқық қорғау органдарымен өзара iс-қимыл жасайды және олардың қызметiн үйлестiрiп отырады;".
      5. 48-баптың 1-тармағы "прокуратура органдары" деген сөздерден кейiн "департаменттерiнiң," деген сөзбен толықтырылсын.
      6. 49-баптың 4-тармағы мынадай мазмұндағы екiншi бөлiкпен толықтырылсын:
      "Лауазымдық жалақыға қосымша ақы белгiлеген кезде сыныптық шендер мемлекеттiк қызметшiлердiң тиiстi бiлiктiлiк сыныптарына теңестiрiлуi мүмкiн." 7. 52-баптың 1) тармақшасы "қатынастары" деген сөзден кейiн "Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Мемлекеттiк қызмет туралы" Заң күшi бар Жарлығымен," деген сөздермен толықтырылсын. 8. 53-баптың 1-тармағы "сыныптық шенi" деген сөздерден кейiн "не бiлiктiлiк сыныптары" деген сөздермен толықтырылсын. Қазақстан Республикасының Президентi оқығандар: Багарова Ж. Икебаева А.
  • Қоғамдық оферта
  • Құпиялылық саясаты
  • Құқықтық база
  • Жаңалықтар
  • Чат

Бізбен байланысыңыз

+7 701 948 15 57

Сату бөлімі

info@nuba.kz

Электронды пошта

BIZUP © 2026 “NUBA SOLUTIONS” Қолданба және оның барлық элементтері, соның ішінде бағдарламалық код, дизайн және мазмұн, Қазақстан Республикасының авторлық құқық туралы заңнамасымен қорғалған. Заңсыз көшіру, тарату немесе пайдалану тыйым салынған.