Қазақстан Республикасының мынадай заң актiлерiне өзгерiстер
енгiзiлсiн:
1. Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Лицензиялау туралы" 1995
жылғы 17 сәуiрдегi N 2200
Z952200_
Заң күшi бар Жарлығына (Қазақстан
Республикасы Жоғары Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., N 3-4, 37-құжат; N 12,
88-құжат; N 14, 93-құжат; N 15-16, 109-құжат; N 24, 162-құжат Қазақстан
Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1996 ж., N 8-9, 236-құжат; 1997
ж., N 1-2, 8-құжат; N 7, 80-құжат; N 11, 144, 149-құжаттар; N 12,
184-құжат; N 13-14, 195, 205-құжаттар; N 22, 333-құжат):
9-баптың 1-тармағының 27) және 33) тармақшалары алып тасталсын.
2. "Валюталық реттеу туралы" 1996 жылғы 24 желтоқсандағы
Қазақстан Республикасының Заңына
Z960054_
(Қазақстан Республикасы
Парламентiнiң Жаршысы, 1996 ж., N 20-21, 404-құжат; 1997 ж., N 13-14,
205-құжат):
13-бапта:
2-тармақтағы "Құйма түрiндегi алтынды қоспағанда, басқа" деген
сөздер алып тасталсын;
3-тармақ алып тасталсын.
3. 1997 жылғы 16 шiлдедегi
K970167_
Қазақстан Республикасының
Қылмыстық кодексiне (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы,
1997 ж., N 15-16, 211-құжат):
210, 211 және 212-баптар алып тасталсын.
Қазақстан Республикасының
Президентi
Мамандар:
Багарова Ж.
Икебаева А.