Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Лицензиялау туралы" 1995
жылғы 17 сәуiрдегi N 2200
Z952200_
Заң күшi бар Жарлығына (Қазақстан
Республикасы Жоғары Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., N 3-4, 37-құжат; N 12,
88-құжат; N 14, 93-құжат; N 15-16, 109-құжат; N 24, 162-құжат Қазақстан
Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1996 ж., N 8-9, 236-құжат; 1997
ж., N 1-2, 8-құжат; N 7, 80-құжат, N 11, 144, 149-құжаттар; N 12,
184-құжат; N 13-14, 195, 205-құжаттар; N 22, 333-құжат) мынадай
толықтырулар енгiзiлсiн:
9-баптың 1-тармағында:
28) тармақшада "өсiмдiк пен шөптiң" деген сөздердiң алдынан "есiрткi
және психотроптық заттары жоқ" деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 43) тармақшамен толықтырылсын:
"43) есiрткi, психотроптық заттардың, прекурсорлардың айналымымен
байланысты қызмет:
әзiрлеу, өндiру, қайта өңдеу, тасымалдау, жөнелту, сатып алу,
сақтау, бөлу, сату, пайдалану, жою;
құрамында есiрткi және психотроптық заттар бар өсiмдiктер мен
шөптердi өсiру, жинау, дайындау."
Қазақстан Республикасының
Президентi
оқығандар:
Багарова Ж.
Икебаева А.