Заң
Негізгі ақпарат
Карточка
Құрылым
Тарих

Қазақстан Республикасының қарыз алу мәселелері жөніндегі кейбір заң актілеріне өзгерістер енгізу туралы


      Қазақстан Республикасының мынадай заң актілеріне өзгерістер енгізілсін:
      1. "Қазақстан Республикасының жергілікті өкілді және атқарушы органдары туралы" 1993 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына Z934100_ (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1993 ж., N 23-24, 516-құжат; 1995 ж., N 7, 48-құжат; N 20, 120-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., N 1, 175, 180-құжаттар; 1997 ж., N 12, 181-құжат):
      40-баптың 1-тармағының он бесінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      "- лотереялар шығару, олардың шарттары, оларды орналастыру мен өткізу туралы, сондай-ақ қаржы жылының шегінде уақытша кассалық үзілісті жабу үшін және тиісті бюджетте заемның негізгі сомасы мен ол бойынша сыйақыны (мүддені) өтеуге арналған қаражат болған жағдайда ғана заем шарттары түрінде жоғары тұрған бюджеттен немесе екінші деңгейдегі банктерден қарызға қаражат алу туралы шешімдер қабылдау;";
      42-баптың бірінші бөлігінің сегізінші абзацындағы "несие, заем және басқа ұзақ мерзімді міндеттемелер туралы шешімдер қабылдайды;" деген сөздер алып тасталсын.
      2. 1998 жылғы 8 шілдеде "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Алматы қаласының ерекше мәртебесі туралы" 1998 жылғы 1 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына Z980258_ :
      3-баптың 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: "лотереялар шығару, олардың шарттары, оларды орналастыру мен өткізу туралы, сондай-ақ қаржы жылының шегінде уақытша кассалық үзілісті жабу үшін және тиісті бюджетте заемның негізгі сомасы мен ол бойынша сыйақыны (мүддені) өтеуге арналған қаражат болған жағдайда ғана шарттары түрінде жоғары тұрған бюджеттен немесе екінші деңгейдегі банктерден қарызға қаражат алу туралы шешімдер қабылдауға;". Қазақстан Республикасының Президенті Оқығандар: Қасымбеков Б. Үмбетова А.
  • Қоғамдық оферта
  • Құпиялылық саясаты
  • Құқықтық база
  • Жаңалықтар
  • Чат

Бізбен байланысыңыз

+7 701 948 15 57

Сату бөлімі

info@nuba.kz

Электронды пошта

BIZUP © 2026 “NUBA SOLUTIONS” Қолданба және оның барлық элементтері, соның ішінде бағдарламалық код, дизайн және мазмұн, Қазақстан Республикасының авторлық құқық туралы заңнамасымен қорғалған. Заңсыз көшіру, тарату немесе пайдалану тыйым салынған.