Заң
Негізгі ақпарат
Карточка
Құрылым
Тарих

"Мемлекеттік баж туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер енгізу туралы

      "Мемлекеттік баж туралы" 1996 жылғы 31 желтоқсандағы Z960065_ Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., N23-24, 420-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      1) 9-бапта: н), т), у),ц), ш), -ю) тармақшалары алынып тасталсын; р) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: "р) мемлекеттік мекемелер - үшінші бір тұлғалардың мүдделерін қорғайтын жағдайларды қоспағанда, өз құзыретіне жататын мәселелер бойынша талап-арыздар берген кезде;"; 2) 15-баптың 1-тармағындағы "Мемлекеттік салық комитеті" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейтін уәкілетті мемлекеттік орган" деген сөздермен ауыстырылсын. Қазақстан Республикасының Президенті Оқығандар: (Қасымбеков Б.А.) (Қобдалиева Н.М.)