Заң
Негізгі ақпарат
Карточка
Құрылым
Тарих

Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы" және "Қазақстан Республикасындағы соттар және судьялардың мәртебесі туралы" конституциялық заң күші бар Жарлықтарына өзгерістер енгізу туралы

      Қазақстан Республикасы Президентінің мынадай конституциялық заң күші бар Жарлықтарына өзгерістер енгізілсін:
      1. Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы" 1995 жылғы 16 қазандағы N 2529 Z952529_ конституциялық заң күші бар Жарлығына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., N 21, 124-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., N 7, 78-құжат): 30-баптың 2-тармағында: бірінші бөліктегі "Бұл ретте депутаттар коммуналдық қызмет үшін белгіленген тарифтердің елу проценті мөлшерінде Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен және нормалар шегінде төлейді." деген сөйлем алып тасталсын; екінші бөлік алып тасталсын. 2. Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасындағы соттар және судьялардың мәртебесі туралы" 1995 жылғы 20 желтоқсандағы N 2694 U952694_ конституциялық заң күші бар Жарлығына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., N 23, 147-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., N 7, 78-құжат; N 11, 156-құжат; N 13-14, 194-құжат): 1) 66-баптың 1) тармақшасы алып тасталсын; 2) 67-баптың 5 және 6-тармақтары алып тасталсын; 3) 69-баптың 6-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: "6. Қаза тапқан адамның отбасына немесе оның асырауындағы адамдарға Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әлеуметтік жәрдемақы тағайындалады.". Қазақстан Республикасының Президенті Оқығандар: (Қасымбеков Б.А.) (Нарбаев Е.Ә.)