Заң
Негізгі ақпарат
Карточка
Құрылым
Тарих

Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық аймақтар туралы" заң күші бар Жарлығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

      1-бап. Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық аймақтар туралы" 1996 жылғы 26 қаңтардағы N 2823 Z962823_ заң күші бар Жарлығына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., N 1, 179-құжат; N 14, 274-құжат; "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде 1998 жылы 29 желтоқсанда жарияланған "Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджет мәселелері бойынша кейбір заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 желтоқсандағы Z980334_ Заңы) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
      1. 6-баптың екінші азатжолындағы "жабдықтарды, өндіріс процесінде толық тұтынылатын тауарларды әкелуге, сондай-ақ Қазақстан Республикасының кеден заңдарымен белгіленген тауарларды жеткілікті дәрежеде өңдеу өлшемдеріне сәйкес өңдеуге арналған тауарларға қатысты (спирттен басқа)" деген сөздер "Қазақстан Республикасының кеден заңдарында белгіленген тауарларды жеткілікті дәрежеде өңдеу өлшемдеріне сәйкес өңдеуге арналған тауарларды (спиртті қоспағанда), сондай-ақ жабдықтарды әкелуге қатысты" деген сөздермен ауыстырылсын.
      2. 12-бапта:
      екінші азатжолдағы "жабдықтарды, өндіріс процесінде толық тұтынылатын тауарларды, сондай-ақ өңдеуге арналған тауарларды (спирттен басқа) Қазақстан Республикасының кеден заңдарымен белгіленген тауарларды жеткілікті дәрежеде өңдеу өлшемдеріне сәйкес" деген сөздер "Қазақстан Республикасының кеден заңдарында белгіленген тауарларды жеткілікті дәрежеде өңдеу өлшемдеріне сәйкес өңдеуге арналған тауарларды (спиртті қоспағанда), сондай-ақ жабдықтарды орналастыруға" деген сөздермен ауыстырылсын; мынадай мазмұндағы азатжолмен толықтырылсын: "Аталған тауарлар мен жабдықтарды арнайы экономикалық аймақтың аумағында еркін кеден аймағының кеден режимімен орналастырудың шарттары мен тәртібі Қазақстан Республикасының кеден заңдарында белгіленеді.". 2-бап. Осы Заң жарияланған күннен бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасының Президенті Оқығандар: (Қасымбеков Б.А.) (Икебаева Ә.Ж.)
  • Қоғамдық оферта
  • Құпиялылық саясаты
  • Құқықтық база
  • Жаңалықтар
  • Чат

Бізбен байланысыңыз

+7 701 948 15 57

Сату бөлімі

info@nuba.kz

Электронды пошта

BIZUP © 2026 “NUBA SOLUTIONS” Қолданба және оның барлық элементтері, соның ішінде бағдарламалық код, дизайн және мазмұн, Қазақстан Республикасының авторлық құқық туралы заңнамасымен қорғалған. Заңсыз көшіру, тарату немесе пайдалану тыйым салынған.