Заң
Негізгі ақпарат
Карточка
Құрылым
Тарих

"Қазақстан Республикасы Парламентінің комитеттері мен комиссиялары туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

      "Қазақстан Республикасы Парламентінің комитеттері мен комиссиялары туралы" 1997 жылғы 7 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., N 9, 94-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
      1. 2,40-баптардағы "Қазақстан Республикасы Президентінің" деген сөздер алып тасталсын және "Конституциялық заң күші бар Жарлығымен" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Конституциялық заңымен" деген сөздермен ауыстырылсын. 2. Мынадай мазмұндағы 29-1-баппен толықтырылсын: "29-1-бап. Республика Президентінің ұсынысы бойынша Парламент Сенатының және (немесе) Мәжілісінің тұрақты комитеттері өзге де мәселелерді қарайды және мемлекет Басшысына тиісті қорытындыларды табыс етеді.". Қазақстан Республикасының Президенті Оқығандар: Қобдалиева Н. Омарбекова А.