Қазақстан Республикасының мынадай заң актілеріне өзгерістер
енгізілсін:
1. "Қазақстан Республикасының жергілікті өкілді және атқарушы
органдары туралы" 1993 жылғы 10 желтоқсандағы
Z934100_
Қазақстан
Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы,
1993 ж., N 23-24, 516-құжат; 1995 ж., N 7, 48-құжат; N 20, 120-құжат;
Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., N 1, 175,
180-құжаттар; 1997 ж., N 12, 181-құжат; 1998 ж., N 22, 308-құжат; 1999 жылы
8 сәуірде "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде
жарияланған "Қазақстан Республикасының штат саны және қарыз алу мәселелері
бойынша кейбір заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы"
1999 жылғы 5 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы):
2-баптың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Тиісті мәслихат депутаттарының санын (жоғары және төменгі шегі)
Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы мынадай шекте анықтайды:
облыстық мәслихатқа, Астана және Алматы қалаларының мәслихаттарына - 50-ге
дейін; қалалық мәслихатқа - 30-ға дейін, аудандық мәслихатқа - 25-ке
дейін.".
2. "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысындағы
өзгерістер жағдайындағы жергілікті өкілді органдар жүйесі туралы" 1997
жылғы 19 маусымдағы
Z970130_
Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан
Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., N 12, 181-құжат):
3-баптың 2-тармағы алып тасталсын.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Оқығандар:
Қасымбеков Б.А.
Омарбекова А.Т.