Заң
Негізгі ақпарат
Карточка
Құрылым
Тарих

"Бюджет жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгеріс енгізу туралы


      1-бап. "Бюджет жүйесі туралы" 1999 жылғы 1 сәуірдегі Z990357_ Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., N 7, 225-құжат; 1999 жылғы 29 шілдеде "Егемен Қазақстан" және 1999 жылғы 30 шілде және 3 тамызда "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының салық салу мәселелері бойынша кейбір заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 1999 жылғы 16 шілдедегі Z990440_ Қазақстан Республикасының Заңы; 1999 жылғы 24 тамызда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Бюджет жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Z990463_ 1999 жылғы 26 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы) мынадай өзгеріс енгізілсін:
      26-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      "Бюджет тапшылығының белгіленген деңгейінен асып кеткен не оны атқару барысында кірісті көздерден алынатын түсімдер төмендеп кеткен жағдайда, бюджет шығыстарын және кредит беруді, бірақ бекітілген соманың 10 процентінен аспайтын, қысқарту туралы шешімді Қазақстан Республикасының Үкіметі мен жергілікті атқарушы органдар қабылдайды, ал 10 проценттен жоғарысы республикалық бюджет туралы заңға және мәслихаттардың тиісті шешімдеріне өзгерістер енгізу жолымен қабылданады.". 2-бап. Осы Заң жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Президенті Оқығандар: Қасымбеков Б.А. Икебаева Ә.Ж.
  • Қоғамдық оферта
  • Құпиялылық саясаты
  • Құқықтық база
  • Жаңалықтар
  • Чат

Бізбен байланысыңыз

+7 701 948 15 57

Сату бөлімі

info@nuba.kz

Электронды пошта

BIZUP © 2026 “NUBA SOLUTIONS” Қолданба және оның барлық элементтері, соның ішінде бағдарламалық код, дизайн және мазмұн, Қазақстан Республикасының авторлық құқық туралы заңнамасымен қорғалған. Заңсыз көшіру, тарату немесе пайдалану тыйым салынған.