Заң
Негізгі ақпарат
Карточка
Құрылым
Тарих

Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне шағын кәсіпкерлікті қолдау мәселелері бойынша толықтырулар енгізу туралы


      Қазақстан Республикасының мына заң актілеріне толықтырулар енгізілсін:
      1. "Мемлекеттік баж туралы" Z960065_ 1996 жылғы 31 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., N 23-24, 420-құжат; 1998 ж., N 23, 417-құжат):
      9-бап мынадай мазмұндағы ч-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "ч-1) кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау жөніндегі қауымдастық - шағын кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін көздеп, мемлекеттік басқару органдары лауазымды адамдарының іс-әрекеттеріне шағым жасау мәселелері жөнінде талаптар қойған жағдайда;".

      2. "Мемлекеттік сатып алу туралы" 1997 жылғы 16 шілдедегі Z970163_ Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., N 17-18, 216-құжат; 1998 ж., N 23, 415-құжат):
      мынадай мазмұндағы 25-2-баппен толықтырылсын:

      "25-2-бап. Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру
                 кезінде шағын кәсіпкерлік субъектілерін
                 қолдау

      1. Тауарлардың (жұмыстардың, қызмет көрсетулердің) жекелеген түрлерін мемлекеттік сатып алу жөніндегі конкурстарды ұйымдастыру кезінде конкурсты ұйымдастырушы шағын кәсіпкерлік субъектілерінен сатып алуды ұйымдастыру үшін мұндай сатып алудың жалпы көлемінің 10 процентіне дейін резерв жасауды көздеуге міндетті.
      2. Шағын кәсіпкерлікті қолдауды жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік орган шағын кәсіпкерлік субъектілерінен сатып алу жүзеге асырылуға тиіс тауарлар (жұмыстар, қызмет көрсетулер) түрлерінің номенклатурасы мен көлемі бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметіне жыл сайын ұсыныстар енгізіп отырады.
      3. Тауарлардың (жұмыстардың, қызмет көрсетулердің) жекелеген түрлерін мемлекеттік сатып алу бойынша ашық (жабық) конкурс ұйымдастыру кезінде шағын кәсіпкерлік субъектілерінен конкурстық өтінімдер түспеген жағдайда ұйымдастырушы сатып алуды заңдарда көзделген тәртіппен жалпы негізде жүзеге асыруға құқылы.". Қазақстан Республикасының Президенті Оқығандар: Қасымбеков Б.А. Икебаева Ә.Ж.
  • Қоғамдық оферта
  • Құпиялылық саясаты
  • Құқықтық база
  • Жаңалықтар
  • Чат

Бізбен байланысыңыз

+7 701 948 15 57

Сату бөлімі

info@nuba.kz

Электронды пошта

BIZUP © 2026 “NUBA SOLUTIONS” Қолданба және оның барлық элементтері, соның ішінде бағдарламалық код, дизайн және мазмұн, Қазақстан Республикасының авторлық құқық туралы заңнамасымен қорғалған. Заңсыз көшіру, тарату немесе пайдалану тыйым салынған.