«Нормативтік құқықтық актілер туралы» 1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы 21-1-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Коса беріліп отырған тізбеге сәйкес Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.
2. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әскери полициясы бас басқармасының бастығы заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың көшірмесін Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне жолдасын;
2) осы бұйрықты баспасөз басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми түрде жариялауды қамтамасыз етсін;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің веб-сайтына орналастырсын.
3. Бұйрықтың орындалуын бақылау Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының бастығына жүктелсін.
4. Осы бұйрық 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
И.Тасмағамбетов
Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрінің
2014 жылғы 26 қарашадағы
№ 552 бұйрығына қосымша
1) «Сотталған әскери қызметшiлердiң қылмысты жазаларын өтеу ережесiн бекiту және күшiне енгiзу туралы» Қазақстан Республикасының Қорғаныс Министрі 2000 жылғы 3 шілдедегі N 182 бұйрығы (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2000 жылғы 22 қарашада № 1298 болып тіркелген);
2) «Сотталған әскери қызметшiлердiң қылмысты жазаларын өтеу ережесiн бекiту және күшiне енгiзу туралы» Қазақстан Республикасының Қорғаныс Министрі 2000 жылғы 3 шілдедегі N 182 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Қорғаныс Министрі 2003 жылғы 6 қарашадағы N 378 бұйрығы (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2003 жылғы 1 желтоқсанда № 2588 болып тіркелген);
3) «Сотталған әскери қызметшiлердiң қылмысты жазаларын өтеу ережесiн бекiту және күшiне енгiзу туралы» Қазақстан Республикасының Қорғаныс Министрі 2000 жылғы 3 шілдедегі N 182 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Қорғаныс Министрі 2005 жылғы 20 шілдедегі N 266 бұйрығы (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2003 жылғы 1 желтоқсанда № 2588 болып тіркелген, «Заң газеті» газетінде 2005 жылғы 15 желтоқсанда № 171-172(796) болып жарияланған).