Қаулы
Негізгі ақпарат
Карточка
Құрылым
Тарих

2008 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын бекіту туралы (Қазақстан Республикасының Республикалық ұланы)

      Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуірдегі Бюджет кодексіне сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Мыналардың:
      404 , 405 , 406 , 407 , 408 , 409-қосымшаларға сәйкес Қазақстан Республикасы Республикалық ұланының 2008 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламаларының паспорттары бекітілсін.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы Үкіметінің
                                      2007 жылғы 12 желтоқсандағы  
                                           N 1224 қаулысына       
                                              404-ҚОСЫМША         

678 - Қазақстан Республикаcы Республикалық ұланы
      Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі

2008 жылға арналған
"Қорғалатын адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және салтанатты әдет-ғұрыптарды орындауға қатысу"
деген 001 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ

      1. Құны: 2251247 мың теңге (екі миллиард екі жүз елу бір миллион екі жүз қырық жеті мың теңге).
       Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2008.11.12.  N 581д Қаулысымен.
      2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: "Қазақстан Республикасының Республикалық ұланы туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 5 желтоқсандағы Заңы ; "Республикалық ұланның ұйымдық құрылымы және әскери қызметшілерінің, жұмысшылары мен қызметшілерінің жалпы штаттық санын белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 22 қаңтардағы N 30 Жарлығы ; "Қазақстан Республикасының Республикалық ұланы туралы Ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 28 тамыздағы N 1428 Жарлығы ; "Қазақстан Республикасы Мемлекеттік протоколды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 12 қазандағы N 201 Жарлығы ; "Әкімшілік реформаны одан әрі жүргізу жөніндегі кейбір шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 29 наурыздағы N 304 Жарлығы ; "Республикалық ұлан күзететін аса маңызды мемлекеттік объектілердің, сондай-ақ ғимараттар, құрылыстар мен қызметтік үй-жайлардың Тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 18 қазандағы N 352 Өкімі .
      3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері : республикалық бюджеттің қаражаты.
      4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты : мемлекет Басшысының  және өзге күзетілетін адамдардың қауіпсіздігін; аса маңызды мемлекеттік объектілердің күзетілуін; протоколдық рәсімдік іс-шаралардың орындалуын қамтамасыз ету.
      5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері : күзетілетін адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысу; рәсімдік іс-шараларды орындауға қатысу; аса маңызды мемлекеттік объектілерді, сондай-ақ тізбесін Қазақстан Республикасының Президенті белгілейтін ғимараттарды, құрылыстарды және қызметтік үй-жайларды күзету; Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы мен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы эталондарын күзету; Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіпте әскери режим мен төтенше жағдай кезінде іс-шараларды іске асыру.
      6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары :

р/с
N

Бағ-
дар-
лама коды

Кіші бағ-
дар-
лама коды

Бағдарламаның (кіші бағдарлама-
ның) атауы

Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар

Іске асыру мерзі-
мі

Жауапты орындау-
шылар

1

2

3

4

5

6

7

1

001


Қорғалатын адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және салтанатты
әдет-ғұрып-
тарды
орындауға қатысу




2


008

Мемлекеттік органдардың ғимараттарын, үй-жайлары мен құрылыс-
тарын күрделі
жөндеу

Республикалық ұлан-
ның объектілеріне Мемлекеттік сарап-
тама ұсынған 2005 жылғы 29 мамырдағы
N 7-237/2005 және
2008 жылғы 9
қыркүйектегі N
7-495/08 сараптама
қорытындысына
сәйкес күрделі жөн-
деуді іске асыру.

Жыл бойы

Қазақстан Республи-
касы Рес-
публика-
лық ұлан

3


017

Ақпараттық жүйелердің жұмыс істеу-
ін қамтамасыз ету және мем-
лекеттік ор-
гандарды ақ-
параттық-тех-
никалық қам-
тамасыз ету

Жұмсалатын матери-
алдарды сатып алу.
Ақпараттық жүйелер-
ді және локальды тапсырмаларға іле-
сіп жүру.
Есептеу техникалық құралдарына жүйелік
-техникалық қызмет көрсету.
Техникалық құралдарды сатып алу.

Жыл бойы

Қазақстан Республи-
касы Рес-
публика-
лық ұлан

4


100

Орталық аппарат

62 бірлік санында-
ғы штат есебінде бекітілген лимит-
тің шегінде әскери қызметшілер мен қызметшілерді ұстау.
Берілген тапсырма-
ларды орындау мақ-
сатында орталық ап-
параттың өміртірші-
лігін қамтамасыз
ету үшін қажетті
тауарларды, жұмыс-
тарды және қызмет-
терді сатып алу.

Жыл бойы

Қазақстан Республи-
касы Рес-
публика-
лық ұлан

5


101

Әскери бөлімдер

1634 бірлік санын-
дағы штат есебінде бекітілген лимиттің
шегінде қызметшілер
мен қызметшілерді
ұстау және қамтама-
сыз ету.
Берілген тапсырма-
ларды орындау мақ-
сатында әскери бө-
лімдердің өміртір-
шілігін қамтамасыз
ету үшін қажетті
қару-жарақты, жаб-
дықтарды, автомо-
биль көліктері мен техниканы, техноло-
гиялық жабдықтарды,
музыкалық аспаптар-
ды және өзге тауар-
ларды, жұмыстарды
және қызметтерді
сатып алу.

Жыл бойы

Қазақстан Республи-
касы Рес-
публика-
лық ұлан

6


102

Әскери және өзге техника-
ны жаңғырту және сатып алу

Бөлімшелерді үнемі жауынгерлік әзір-
лікте ұстау үшін қажетті 2 бронет-
ранспортерді, бай-
ланыстың өзге де құралдарын сатып алу және қару-жарақ
пен әскери техника-
ны модернизациялау.

Жыл бойы

Қазақстан Республи-
касы Рес-
публика-
лық ұлан

       Ескерту. 6-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2008.11.12. N 581д Қаулысымен.
      7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер : Тікелей нәтиже:
күзетілетін адамдардың саны - 8 адамға дейін;
күзетілетін объектілердің саны - 10;
өткізілген протоколдық рәсімдік іс-шаралардың саны - 95.
Ақырғы нәтиже:
күзетілетін адамдардың қауіпсіздігінің қамтамасыз етілуі - 100 пайыз;
күзетілетін объектілердің қауіпсіздігінің қамтамасыз етілуі - 100 пайыз;
протоколдық дәстүрлік рәсімдердің орындалуы - 100 пайыз;
қару-жарақпен қамтамасыз етілуі - 75 пайыз;
әскери және автомобиль техникасымен қамтамасыз етілуі - 70 пайыз;
технологиялық жабдықтармен қамтамасыз етілуі - 25 пайыз.
Қаржы-экономикалық тиімділігі:
мемлекет Басшысының, өзге күзетілетін адамдар мен объектілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету және протоколдық рәсімдік іс-шараларды орындау мақсатында ведомстволық мекемелердің жұмысын ұйымдастыру үшін орталық аппараттың 1 қызметкерін ұстауға бір жылдық орташа шығыс 2516 мың теңге;
мемлекет Басшысының, өзге күзетілетін адамдар мен объектілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету және протоколдық рәсімдік іс-шараларды орындау үшін ведомстволық мекеменің 1 қызметкерін ұстауға жылдық орташа шығыс 1121 мың теңге.
Уақтылығы: жұмыстарды атқару жоспарына сәйкес іс-шаралардың уақытында орындалуы.
Сапасы: өзінің қауіпсіздік жағдайына "қанағаттанған" күзетілетін адамдар - 100 пайыз.

Қазақстан Республикасы   
Үкіметінің         
2007 жылғы 12 желтоқсандағы
N 1224 қаулысына     
405-ҚОСЫМША       

678 - Қазақстан Республикасы Республикалық ұланы
           Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі

2008 жылға арналған
"Республикалық ұлан объектілерін салу"
деген 002 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ

      1. Құны: 430705 мың теңге (төрт жүз отыз миллион жеті жүз бес мың теңге).
      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2008.11.12.   N 581д Қаулысымен.
      2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: "Әскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелерінің дәрежесі және оларды әлеуметтік қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 20 қаңтардағы Заңының 12-бабы .
      3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері : республикалық бюджеттің қаражаты.
      4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты : Республикалық ұланның бөлімшелерін үнемі жауынгерлік әзірлікте ұстау үшін Қазақстан Республикасы Республикалық ұланының инфрақұрылымын дамыту және жақсарту.
      5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері : Республикалық ұлан объектілерінің құрылысын салу жолымен келісім-шарт бойынша әскери қызметшілерді үнемі жауынгерлік әзірлікте ұстау және оларды ынталандыру үшін жағдай жасау.
      6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары :

р/с
N

Бағ-
дар-
лама коды

Кіші бағ-
дар-
лама коды

Бағдарлама-
ның (кіші бағдарлама-
ның) атауы

Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар

Іске асыру мерзімі

Жауапты орындаушы-
лар

1

2

3

4

5

6

7

1

002


Республика-
лық ұлан объектілерін салу

Заңнамамен белгі-
ленген тәртіппен бекітілген жоба-
лау-сметалық құжаттамаларға сәйкес "2008 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Респуб-
ликасының 2007 жылғы 12 желтоқ-
сандағы N 1223 Заңын іске асыру туралы" Қазақс-
тан Республикасы Үкіметінің қаулы-
сына сәйкес сома
шегінде Республи-
калық ұлан объек-
тілерінің құрылы-
сын салу жөнінде-
гі инвестициялық
жобаны мынадай іс
-шаралар бойынша іске асыру:
1. Астана қала-
сында қоса салын-
ған үй-жайы мен  гараждары бар көп пәтерлік тұр-
ғын үй кешенінің
құрылысын жоспар-
лау және салу
(2006 жылғы 6 наурыздағы N
2-112/06 Техникалық-эконо-
микалық
негіздемеге
Мемлекеттік сараптама қоры-
тындысы).

Қаңтар- желтоқсан

Қазақстан Республи-
касы Рес-
публика-
лық ұлан

      7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін
нәтижелер : Тікелей нәтиже: Астана қаласында қоса салынған үй-жайы мен гараждары бар көп пәтерлі тұрғын үй кешенін пайдалануға беру.
Ақырғы нәтиже: Республикалық ұланның әскери қызметшілеріне жағдай жасау және жауынгерлік әзірлікті арттыру үшін Республикалық ұланның объектілерін дамыту.
Уақтылығы: жұмыстарды атқару кестесіне және жасалған келісімдерге сәйкес.
Сапасы: құрылыс нормалары мен ережелеріне сәйкес.

Қазақстан Республикасы   
Үкіметінің         
2007 жылғы 12 желтоқсандағы
N 1224 қаулысына     
406-ҚОСЫМША       

678 - Қазақстан Республикасы Республикалық ұланы
          Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі

2008 жылға арналған
"Әскери қызметшілерді және олардың отбасы мүшелерін емдеу"
деген 003 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ

      1. Құны: 70557 мың теңге (жетпіс миллион бес жүз елу жеті мың теңге).
      2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: "Әскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелерінің дәрежесі және оларды әлеуметтік қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 20 қаңтардағы Заңының 13-бабы .
      3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
      4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: әскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелеріне мамандандырылған медициналық көмек көрсетуді қамтамасыз ету.
      5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: әскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелерінің науқастану пайызын мейлінше азайту; барлық науқастарға медициналық қызметті толық көлемде көрсету үшін қажетті медикаменттермен және медициналық препараттармен барынша қамтамасыз ету.
      6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:

р/с
N

Бағдар- лама коды

Кіші бағ-
дарла-
ма коды

Бағдарла-
маның (кіші бағдарла-
маның) атауы

Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар

Іске асыру мерзімі

Жауапты орындау-
шылар

1

2

3

4

5

6

7

1

003


Әскери қызметші-
лерді жә-
не олар-
дың отба-
сы мүше-
лерін
емдеу

54 бірлік санындағы штат есебінде
бекітілген
лимит шегінде
әскери
қызметшілер
мен қызметші-
лерді ұстау.
Әскери қыз-
метшілерге
медициналық
көмек көрсе-
туді қамтамасыз
ету мақсатында Республикалық
ұлан
Госпиталінің
қызмет іс-
теуіне қа-
жетті тауар-
ларды, жұмыс-
тар мен
қызметтерді
сатып алу.
Әскери қыз-
метшілерді
емдеу үшін
қажетті ме-
дикаменттер
мен негізгі
құралдарды
сатып алу.

Жыл бойы

Қазақстан Республи-
касы Рес-
публика-
лық ұлан

      7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже:
Сапалы медициналық қамтамасыз етуді алу үшін әскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелерінің өтініш жасау саны - 6500.
Ақырғы нәтиже:
әскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелерінің науқастану деңгейінің төмендеуі - 30 пайыз.
Қаржы-экономикалық нәтиже:
1 әскери қызметшіні медициналық қамтамасыз етуге жылына жұмсалатын орташа шығыс 1,1 мың теңге;
1 қызметкерді ұстауға жылына жұмсалатын орташа шығыс - 1220 мың теңге.
Уақтылығы:
тереңдетілген медициналық тексеруді мерзімінде өткен әскери қызметшілердің үлесі - 100 пайыз;
уақытында медициналық ем алған әскери қызметшілер - 100 пайыз;
Сапасы:
сапасына және уақыттылығына қанағаттанған әскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелері - 100 пайыз.

Қазақстан Республикасы  
Үкіметінің        
2007 жылғы 12 желтоқсандағы
N 1224 қаулысына    
407-ҚОСЫМША       

678 - Қазақстан Республикасы Республикалық ұланы
           Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі

2008 жылға арналған
"Жоғары кәсіптік білімді мамандар даярлау"
деген 004 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ

      1. Құны: 2471 мың теңге (екі миллион төрт жүз жетпіс бір мың теңге).
      2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: "Әскери қызметшілер мен отбасы мүшелерінің дәрежесі және оларды әлеуметтік қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 20 қаңтардағы Заңының 15-бабы , "Қазақстан Республикасының Республикалық ұланы туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 5 желтоқсандағы Заңының 8-бабы .
      3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
      4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: жоғарғы әскери білімді мамандарды даярлау.
      5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: жоғары білікті кадрлармен жасақталуы мүмкін әскери лауазымдардың пайызын барынша ұлғайту, жоғарғы әскери білімі бар әскери қызметшілердің пайызын көбейту.
      6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:

р/с
N

Бағ-
дар-
лама коды

Кіші бағ-
дар-
лама коды

Бағдарлама-
ның (кіші бағдарлама-
ның) атауы

Бағдарла-
маны іске асыру жөніндегі іс-шаралар

Іске асыру мерзімі

Жауапты орындаушы-
лар

1

2

3

4

5

6

7

1

004


Жоғары кәсіптік білімді мамандар даярлау

Республикалық ұланның офи-
церлер құра-
мын Ресей Фе-
дерациясының жоғарғы әске-
ри-оқу орын-
дарында даяр-
лау.

Жыл бойы

Қазақстан Республи-
касы Рес-
публика-
лық ұлан

      7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: жоғары әскери білім алған әскери қызметшілер саны - 2 адам;
оқуын жалғастырып жатқан әскери қызметшілердің саны - 5 адам.
Ақырғы нәтиже:
жоғары әскери білімі бар әскери қызметшілермен жасақталатын әскери лауазымдардың саны - 23;
жоғары әскери білімі бар әскери қызметшілермен жасақталған әскери лауазымдардың саны - 15;
жоғары әскери білімі бар әскери қызметшілермен толығымен жасақталуға тиіс әскери лауазымдардың саны - 8.
Қаржы-экономикалық нәтиже:
Жоғарғы әскери-оқу орындарының 1 тыңдаушысын оқытудың орташа құны 494 мың теңге.
Уақтылығы: оқу үшін төлемнің уақытында аударылуы.
Сапасы:
оқу жылында оқу бағдарламасын меңгерген әскери қызметшілер - 100 пайыз;
Жоғарғы әскери-оқу орындары түлектерінің санына және сапасына қанағаттанған Қазақстан Республикасы Республикалық ұланы құрылымдық бөлімшелерінің басшылары - 100 пайыз.

Қазақстан Республикасы  
Үкіметінің        
2007 жылғы 12 желтоқсандағы
N 1224 қаулысына    
408-ҚОСЫМША      

678 - Қазақстан Республикасы Республикалық ұланы
          Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі

2008 жылға арналған
"Әскери қызметшілерді тұрғын үймен қамтамасыз ету"
деген 005 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ

      1. Құны: 99515 мың теңге (тоқсан тоғыз миллион бес жүз он бес мың теңге).
       Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2008.11.12.   N 581д Қаулысымен.      
      2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі:
"Әскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелерінің дәрежесі және оларды әлеуметтік қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 20 қаңтардағы Заңының 12-бабы .
      3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
      4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Қазақстан Республикасы Республикалық ұланының әскери қызметшілерін тұрғын үймен қамтамасыз ету.
      5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: тұрғын үйге мұқтаж әскери қызметшілердің санын азайту.
      6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:

р/с
N

Бағ-
дар-
лама коды

Кіші бағдар- лама коды

Бағдарла-
маның (кіші бағдарла-
маның) атауы

Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар

Іске асыру мерзімі

Жауапты орындау-
шылар

1

2

3

4

5

6

7

1

005


Әскери  қызметші-
лерді  тұрғын үймен қамтама-
сыз ету

"Әскери қызмет-
шілер мен олар-
дың отбасы мү-
шелерінің дәре-
жесі және олар-
ды әлеуметтік қорғау туралы" Қазақстан Рес-
публикасының 1993 жылғы 20 қаңтардағы За-
ңының 12-бабына
сәйкес 20 жыл-
дан артық әс-
кери қызметі өтілі бар Қа-
зақстан Рес-
публикасы Рес-
публикалық ұла-
нының әскери қызметшілеріне тұрғын үй сатып
алу.

Қаңтар-
желтоқ-
сан

Қазақстан Республи-
касы Рес-
публика-
лық ұлан

      7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:
Тікелей нәтиже:
тұрғын үй алған адамдардың саны - 6.
Ақырғы нәтиже:
тұрғын үй-тұрмыстық жағдайын жақсартқан әскери қызметшілер (359 мұқтаждардың ішінен 6 әскери қызметші) - 1,7 пайыз.
Қаржы-экономикалық тиімділігі:
сатып алынған тұрғын үйдің 1 шаршы метрінің орташа құны 282 196 теңге.
1 пәтердің орташа құны - 16 667 мың теңге.
Уақтылығы: тұрғын үймен уақытында қамтамасыз етілуі.
Сапасы:
сатып алынған тұрғын үйдің сапасына қанағаттанған әскери қызметшілер - 100 пайыз.

Қазақстан Республикасы   
Үкіметінің         
2007 жылғы 12 желтоқсандағы
N 1224 қаулысына     
409-ҚОСЫМША        

678 - Қазақстан Республикасы Республикалық ұланы
        Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі

2008 жылға арналған
"Терроризмге және экстремизм мен сепаратизмнің басқа да көріністеріне қарсы күрес" деген 110 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ

      1. Құны: 54890 мың теңге (елу төрт миллион сегіз жүз тоқсан мың теңге).
       Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2008.11.12.   N 581д Қаулысымен.
      2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: "Қазақстан Республикасында терроризммен, экстремизммен және сепаратизммен күрес туралы" 1999 жылғы 13 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы ; "Экстремизмге қарсы тұру туралы" 2005 жылғы 18 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңы.
      3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
      4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: терроризмдік, экстремизмдік және сепаратистік бағыттарындағы қылмыстарды ескерту, анықтау және жолын кесу.
      5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: терроризмдік, экстремизмдік және сепаратизм бағыттарындағы қылмыстарды ескерту, анықтау және жолын кесу бойынша ведомствоаралық шұғыл-алдын алу іс-шаралары мен арнайы операцияларға қатысу.
      6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:

р/с
N

Бағ-
дарла-
ма коды

Кіші бағдар-лама коды

Бағдарла-
маның (кіші бағ-
дарлама-
ның) атауы

Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар

Іске асыру мерзімі

Жауапты орындаушы-
лар

1

2

3

4

5

6

7

1

110


Терроризм-
ге және экстремизм мен сепа-
ратизмнің басқа да көріністе-
ріне қар-
сы күрес

Қысқа толқын-
ды және спут-
никтік байла-
ныс ұтқыр ке-
шенін сатып алу - 1 бірлік.

Жыл бойы

Қазақстан Республи-
касы Рес-
публика-
лық ұлан

       Ескерту. 6-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2008.11.12. N 581д Қаулысымен.
      7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже:
Күзетілетін объектілердің саны - 10.
Ақырғы нәтиже:
күзетілетін объектілердің арнайы және техникалық құралдармен жарақталуы - 100 пайыз.
Қаржылық-экономикалық тиімділігі:
арнайы және техникалық құралдармен қамтамасыз етілген 1 әскери қызметшіге жұмсалатын орташа шығыс 62 мың теңге.
Уақтылығы: өткізілетін іс-шаралар жоспарына сәйкес іс-шараларды уақытында орындау.
Сапасы:
"қанағаттанарлық" және одан да жоғары деп террористік актілерді болдырмау жөніндегі іс-қимылдың уақыттылығын бағалаған республика азаматтары - 100 пайыз.
       Ескерту. 7-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2008.11.12. N 581д Қаулысымен.