«Нормативтік құқықтық актілер туралы» 1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы 21-1-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған тізбеге сәйкес Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.
2. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі Білім және ғылым департаментінің бастығы заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың көшірмесін Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне жолдасын;
2) осы бұйрықты мерзімді баспасөз басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми түрде жариялауды қамтамасыз етсін;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің веб-сайтына орналастырсын.
3. Бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары генерал-майор Т.Мұхтаровқа жүктелсін.
4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Қорғаныс министрі И.Тасмағамбетов
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Білім және ғылым министрі
____________ А.Сәрінжіпов
2015 жылғы _______ ________
Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрінің
2015 жылғы 14 шілдедегі
№ 410 бұйрығына
қосымша
1) «Генерал С.Қ.Нұрмағамбетов атындағы «Жас ұлан» республикалық мектебіне қабылдау қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2011 жылғы 24 маусымдағы № 276 бұйрығы (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2011 жылғы 15 тамызда № 7124 болып тіркелген);
2) «Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Шоқан Уәлиханов атындағы Кадет корпусына қабылдау қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрінің 2011 жылғы
9 қыркүйектегі № 367 бұйрығы (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2011 жылы 19 қазанда № 7271 тіркелген);
3) «Жоғары әскери оқу орындарына қабылдау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2014 жылғы
17 наурыздағы № 109 бұйрығы (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2014 жылы 2 сәуірде № 9292 тіркелген);
4) «Жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің әскери оқу орындарына қабылдау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2014 жылғы 17 маусымдағы № 256 бұйрығы (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2014 жылы 25 шілдеде № 9626 тіркелген).