«Нормативтік құқықтық актілер туралы» 1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 43-1-бабының 1-тармағын жүзеге асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.
2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң департаменті (С.В. Пономарев) заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне жіберуді;
2) «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауды;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрінің 2012 жылғы 8 қазандағы № 546 бұйрығының күші жойылсын.
4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрі Қ. Қасымов
Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2015 жылғы 9 қазандағы
№ 830 бұйрығына
қосымша
1. «Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгi өрт күзетiнiң Жауынгерлiк жарғысын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 1993 жылғы 5 шілдедегі № 253 бұйрығы (Нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 67 болып тіркелген);
2. «Қазақстан Республикасы IIМ оқу мекемелерiнiң ғылыми-зерттеу және редакциялық-баспагерлiк қызметiн реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 1995 жылғы 6 қыркүйектегі № 225 бұйрығы (Нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 332 болып тіркелген);
3. «Қуғын-сүргiн кезеңiнде Қазақстан Республикасыyның аумағына күштеп көшiрiлген Қазақстан Республикасы азаматтарының паспорттарындағы ұлты туралы жазбаны өзгерту тәртiбi туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 1995 жылғы 6 қыркүйектегі № 225 бұйрығы (Нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 143 болып тіркелген);
4. «Қазақстан Республикасындағы шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдарға саяси баспана беру тәртiбi туралы» Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жарлығын жариялау туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 1996 жылғы 30 қаңтардағы № 23 бұйрығы (Нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 288 болып тіркелген);
5. «Қазақстан Республикасындағы шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдарға саяси баспана беру тәртiбi туралы «Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жарлығын жариялау туралы» Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрiнiң 1996 жылғы 30 қаңтардағы № 23 бұйрығына өзгерiстер енгiзу туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2005 жылғы 23 қыркүйектегі № 559 бұйрығы (Нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3904 болып тіркелген, «Заң газеті» газетінің 2005 жылғы 14 желтоқсандағы № 169-170(796) санында жарияланған).